19.10.2018, 19:50 4468

Қазақстандық режиссер Эмир Байғазинніӊ "Өзен" фильмі "Азиялық Оскардыӊ" номинациясына ұсынылды

12-ші Asia Pacific Screen Awards жүлдесініӊ жеӊімпаздарын Австралияныӊ Брисбен қаласында 29 қарашада жариялайтын болады.

Алматы. 19 қазан. Kazakhstan Today - "Азиялық Оскар" ретінде танылған, жыл сайын өтетін "Asia Pacific Screen Awards" белді киножүлдесі үміткерлердіӊ тізімін жариялады. Қазақстандық режиссер Эмир Байғазинніӊ "Өзен" фильмі "Режиссурадағы табыстар" номинациясынан көрінді. 12-ші Asia Pacific Screen Awards жүлдесініӊ жеӊімпаздарын Австралияныӊ Брисбен қаласында 29 қарашада жариялайтын болады. Айта кетсек, Эмир Байғазин 2013 жылы "Асланныӊ сабақтары" фильмі үшін осы аталымда бақ сынап, киножүлденіӊ жоғары бағасына ие болған (Hight commendation).

Одан бөлек, "Өзен" фильмі Лос-Анджелесте өтетін Asian World film festival кинофестивалініӊ конкурстық бағдарламасына қатысады. Сондай-ақ, аталған кинотуынды Варшавадағы және Сан Паолодағы фестивальдіӊ арнайы бағдарламаларында көрсетіледі. Ал "Өзен" фильмініӊ азиялық тұсаукесері үстіміздегі жылы қазанныӊ 25-і мен қарашаныӊ 3-і аралығында Токиодағы халықаралық кинофестивальдіӊ конкурстық бағдарламасы шеӊберінде өтеді.

- "Өзен" фильміне қатысты жаӊалықтар мені және меніӊ командамды әрине қуантады. Осы орайда, командама алғысымды білдіргім келеді. Олар тек маған емес, сонымен қатар меніӊ идеяларыма қашан да адал. Сондай-ақ, маған қолдау көрсетіп, сенім білдірген Мәдениет және спорт министрлігініӊ башылығына алғыс айтамын. Болашақта да қарым-қатынастарымыз нығайып, ортақ табыстарға қол жеткізенімізге сенімдімін, - деді режиссер.

Фильмніӊ жарыққа шығуына бірнеше мемлекеттер атсалысты, олар: Қазақстан (ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ, Emir Baigazin Production), Норвегия (Norsk Filmproduksjon) және Польша (Madants). , бұл туынды сценарий кезінде MPA APSA Азия-Тынық мұхиттық киноассоциациясы грантыныӊ қолдауына ие болды. 2017 жылы қыркүйекте киножоба Варшава халықаралық кинофестивалі кинонарығында Pitch and Meet жобалар байқауында бірінші орынды иеленген болатын. Картинаныӊ пост жұмыстары 2018 жылы жаз айында Польша кинематография институтыныӊ қаржылай көмегімен Варшавадағы Orka және Dreamsound студияларында жүргізілді.

"Өзен" фильмініӊ әлемдік тұсаукесері Венеция кинофестивалі шеӊберінде өткен болатын. Бұл фестивальдіӊ "Көкжиектер" бағдарламасында Эмир Байғазин үздік режиссер атанды. Ал фильмніӊ Солтүстік Амирикадағы тұсаукесері үстіміздегі жылы қыркүйек айында Халықаралық Торонто кинофестивалі аясында өтті. Кинотуынды фестивальдіӊ "Тұғырнама" ("Платформа") конкурстық бағдарламасында көрсетіліп, қазылар алқасыныӊ құрметті аталымына және Screen Daily тәуелсіз киносыншылардыӊ рейтингісі тізімінде алдыӊғы қатардан көрінді. Одан бөлек, "Өзен" фильмі үшін Эмир Байғазин Голливудтыӊ шетел баспасөзі қауымдастығыныӊ грантына ие болды.

"Өзен" фильмі өркениеттен алыс жерде тұратын, қаладан келген қонақтан кейін өмірлері күрт өзгере бастаған бес ағайынды туралы баяндайды. Аслан туралы трилогияныӊ алдыӊғы екі бөлімі 2013 және 2016 жылдары Берлин кинофестивалініӊ негізгі бағдарламасына қатысқан болатын.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны