04.08.2015, 14:12 3342

Қазақстандық "Сарырқа" кораблі "Каспий теӊізі-2015" сайысын бастауға кіріседі

Бүгін қазақстандық "Сарыарқа" зымыран-артиллериялық кораблі "Каспий теӊізі - 2015" байқауы шеӊберінде Ресей, Қытай және Изірбайжан суүсті корабльдерініӊ экипаждарымен алғашқы сайысқа түсуге кіріседі.

Астана. 4 Тамыз. Kazakhstan Today - Бүгін қазақстандық "Сарыарқа" зымыран-артиллериялық кораблі "Каспий теӊізі - 2015" байқауы шеӊберінде Ресей, Қытай және Изірбайжан суүсті корабльдерініӊ экипаждарымен алғашқы сайысқа түсуге кіріседі. Төрт елдіӊ әскери теӊізшілері артиллериялық оқ атуларды орындап, корабльдерініӊ жауынгерлік мүмкіндіктерін сынайтын болады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Еӊ алдымен корабль 12 торап жылдамдығында берілген бағдар бойынша бір айналымнан өтеді. Бағдар күту аудандарымен, сөре және мәре шептерімен, айып алаӊы және жауынгерлік жаттығуларды орындау аудандарымен жабдықталған. Белгі бойынша корабль тиісті секторға көшуді жүзеге асырады және жарқырағыш авиациялық бомба түріндегі шағын көлемді теӊіз және әуе нысаналарын, сондай-ақ жүзбелі мина түріндегі суүсті нысананы жоюға кіріседі. Оқ атуларды аяқтап, корабль мәреге көшеді. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Осы кезеӊде экипаждыӊ корабль қару-жарағын пайдалануыныӊ дәлдігі мен шеберлігі ғана емес, сонымен қатар бағдарды нақты сақтауы, шептен шепке дәл көшуі бағаланатын болады.

Ертеӊ әскери теӊізшілерімізді сынақтыӊ екінші бөлігі күтіп тұрғанын айта кеткен жөн. Онда теӊізшілеріміз өрнектеу жалауларын пайдалана отырып, белгіні қабылдау және тарату жылдамдығы, борттыӊ арғы жағында қалып қойған адамды құтқару үшін нүкте координаталарын алу, берілген бағдармен корабльді зәкірге қою бойынша сайысқа түседі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны