14.07.2015, 11:44 3169

Қазақстандық шекарашылар 10 тонна теміржол рельсін заӊсыз өткізбек болған азаматты ұстады

Шекара қызметініӊ "Илімбет" бақылау-өткізу бекетініӊ шекарашылары (Ақтөбе облысы, қазақстандық-ресейлік шекара) теміржол рельстерін заӊсыз өткізбек болған 29 жастағы ҚР азаматын ұстады

Астана. 14 Шілде. Kazakhstan Today - Шекара қызметініӊ "Илімбет" бақылау-өткізу бекетініӊ шекарашылары (Ақтөбе облысы, қазақстандық-ресейлік шекара) теміржол рельстерін заӊсыз өткізбек болған 29 жастағы ҚР азаматын ұстады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Елімізден көршілес Ресей Федерациясына кетіп бара жатқан "КАМАЗ" жүк көлігіне шекаралық бақылау өткізу кезінде жүргізушініӊ қолында жүкке арналған тиісті құжаттардыӊ жоқ екендігін анықтады. Ал жүктіӊ салмағын есептегенде 10 тонна теміржол рельстері болып шықты.

Аталған дерек бойынша материалдар Ақтөбе облысыныӊ ішкі істер органдарына берілді.

ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны