02.10.2015, 09:26 4399

Қазақстандық шекарашылар 535 гр героинды алып өтпек болған тәжікстандық үш азаматты ұстады.

Бұл іске қатысы болуы мүмкін деген күдікпен тәжікстандық үш азамат ұсталды. Құқыққорғау органдары хабарландырылып, процессуалды жұмыстар басталды.

Астана. 01 Қазан. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметініӊ "Батыс" өӊірлік басқармасына қарасты "Бейнеу" бақылау-өткізу бекетініӊ (Маӊқыстау обл) шекара наряды "Душанбе - Москва" бағытында келе жатқан №329 жолаушылар пойызына "Барби" атты қызметтік иттіӊ көмегімен шекаралық бақылау жасау кезінде бір вагонныӊ астындағы су ағатын құбырдыӊ ішіне жасырылған түйіншекті тауып алды. Өзіндік иісі бар түйіншекті ашқан кезде оныӊ ішіндегі зат "героин" болып шықты. Жалпы салмағын таразыға салып есептегенде 535 грамға жетіп жығылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Бұл іске қатысы болуы мүмкін деген күдікпен тәжікстандық үш азамат ұсталды. Құқыққорғау органдары хабарландырылып, процессуалды жұмыстар басталды.

ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны