27.01.2015, 15:10 3674

Қазақстандық шекарашылар бір тоннадан астам дәрі-дәрмектіӊ заӊсыз өтуіне тосқауыл қойды

Еліміздіӊ шығысындағы қазақ-қытай шекарасында орналасқан "Қорғас" бақылау-өткізу бекетініӊ бақылаушылары қызмет барысында контрабандалық жүкті анықтады

Астана. 27 қаӊтар. Kazakhstan Today - Еліміздіӊ шығысындағы қазақ-қытай шекарасында орналасқан "Қорғас" бақылау-өткізу бекетініӊ бақылаушылары қызмет барысында контрабандалық жүкті анықтады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Жасы 32-дегі әйел адам бір тоннадан астам дәрі-дәрмектерді елімізге заӊсыз жолмен өткізуге әрекеттенгені үшін ұсталды.

Қазіргі уақытта ұсталған жүк бақылау-өткізу бекетінде. Ол бойынша Қылмыстық кодекстіӊ 234-бабыныӊ 1-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны