10.12.2007, 18:47 3130

Қазақстандық шекарашылар ірі көлемдегі валюта контрабандасының жолын кесті

Қазақстандық шекарашылар ірі көлемдегі валюта контрабандасының жолын кесті

Астана. 10-желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстандық шекарашылар ірі көлемдегі валюта контрабандасының жолын кесті. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, "Қосақ-авто" шекара бақылау бөлімінің шекарашылар наряды кеден қызметкерлерімен бірлесе отырып, жеңіл көлікпен Ресейге бет алған Қазақстанның екі азаматын қолға түсірген. Ұсталғандар Ресей Федерациясына заңсыз 16 мың АҚШ долларын, 5 мың евро және 316 мың рубль алып өтпек болған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны