13.09.2006, 15:28 2880

Қазақстандық шекарашылар Каспий теңізінде браконьерлік істеп жүрген Өзбекстан және Дағыстан азаматтарын ұстады

АТЫРАУ. 13-қыркүйек. Kazakhstan Today. Қазақстандық шекарашылар Каспий теңізінде браконьерлік істеп жүрген Өзбекстан және Дағыстан азаматтарын ұстады. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне Атырау облыстық ішкі істер департаментінің балық қорына қастандық жасау қылмысымен күрес бөлімінің бастығы Мереке Ісмұратов хабарлады.

Браконьерлер екі бірдей қуатты қайықпен Жылыой ауданына таяу Ремонтная Шалыга деген жерде жүрген. Олардан балық аулау құралдары мен "Магеллан" маркалы навигациялық аспаптар тәркіленді.

Тәртіп сақшылары ау құрылғаны туралы ақпаратты навигациялық жабдық мәліметтерінен алған. Оларды табиғат қаскөйлері құртып үлгермепті.

Бұл Қазақстанның аумақтық суларында браконьерлердің 2006-жылы осымен үшінші мәрте ұсталуы.

"Бекіре -2006" шұғыл профилактикалық шарасының барысында тәртіп сақшылары Каспий теңізінің Қазастанға қарасты бөлігіндегі рейдтер санын көбейтті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны