09.07.2015, 16:47 3493

Қазақстандық шекарашылар көші-қон заӊдылығын бұзған 43 азаматты ұстады

Өткен тәулік ішінде қазақстандық шекарашылар Қазақстан Республикасыныӊ көші-қон заӊдылығын бұзған шетелдіӊ 43 азаматын ұстады

Астана. 09 Шілде. Kazakhstan Today - Өткен тәулік ішінде қазақстандық шекарашылар Қазақстан Республикасыныӊ көші-қон заӊдылығын бұзған шетелдіӊ 43 азаматын ұстады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Атап айтқанда, олардыӊ арасында "Астана" (аэропорт) шекаралық бақылау отрядыныӊ наряды "Астана-Абу-Даби" бағытында ұшқалы тұрған "ЕҮ295" рейсіне шекаралық бақылау жасау кезінде елімізден белгіленген уақытта шығуға асықпаған АҚШ азаматын ұстады.

Сондай-ақ, "Алматы" шекаралық бақылау отрядыныӊ наряды "Алматы-Сеул" бағытындағы "КС-909" рейсіне шекаралық бақылау жасау кезінде көші-қон полициясында тіркелуді жөн санамаған Оӊтүстік Кореялық азаматты ұстауға мәжбүр болды.

Еліміздіӊ солтүстігіндегі "Кызыл Жар" бақылау-өткізу бекетініӊ шекарашылары (Солтүстік Қазақстан облысы, қазақстандық-ресейлік шекара) "Астана-Казанское" бағытында кетіп бара жатқан "Мерседес" автокөлігіне шекаралық бақылау жасау кезінде елімізде заӊсыз жүрген Түркия Республикасыныӊ 3 азаматын ұстады.

Барлық ұсталған азаматтар, ҚР Икімшілік-құқықбұзушылық кодексініӊ 517 бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны