01.09.2015, 11:48 3565

Қазақстандық шекарашылар заӊсыз жолмен 51 тонна битумды өткізбек болғандарды ұстады

Орал шекара отрядына қарасты "Сырым-авто" бақылау-өткізу бекетініӊ (Батыс Қазақстан облысы) шекара наряды елімізге мұнайлы битумды заӊсыз жолмен өткізуге тырысқан Ресей Федерациясыныӊ екі азаматын ұстады

Астана. 1 Қыркүйек. Kazakhstan Today - Орал шекара отрядына қарасты "Сырым-авто" бақылау-өткізу бекетініӊ (Батыс Қазақстан облысы) шекара наряды елімізге мұнайлы битумды заӊсыз жолмен өткізуге тырысқан Ресей Федерациясыныӊ екі азаматын ұстады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Скания" және "МАЗ" жүк көліктерін шекаралық тексеруден өткізу кезінде аталған екі азамат жалпы салмағы 51 тонна болатын мұнайлы битумға қатысты құжаттарды көрсете алмады.

Ұсталған жүк ҚР Қылмыстық кодексініӊ 197 бабыныӊ 1-тармағы бойынша рәсімделіп (мұнайды және мұнай өнімдерін тасымалдау, сатып алу, сату, сақтау, сондай-ақ құжатсыз мұнайды өӊдеу), материалдар Батыс Қазақстан облысыныӊ Мемлекеттік кіріс департаментіне берілді.

ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны