05.12.2013, 22:52 4465

Қазақстандық спортшылардан 33 спортшы Сочиде өтетін Олимпиада ойындарына қатысу құқығын иеленді

"Қысқы спорт түрлері бойынша ұлттық құраманың алдына Ванкувердегі Олимпиада ойындарындағы спорт көрсеткіштерін жақсарту, яғни екеуден кем емес әр түрлі құндылықтағы медальдар иемденіп, жалпы командалық есепте 20-23 орындарға шығу міндеті қойылып отыр",-деді Т.Есентаев.

Алматы. 05 желтоқсан. Kazakhstan today. Спорт және дене шынықтыру істері жөніндегі агенттік төрағасы Тастанбек Есентаев атап өткендей, бүгінгі күнге 33 спортшы 7 спорт түрлері бойынша Олимпиада ойындарына қатысу құқығын иеленді. Лицензиялық кезең аяқталғанға дейін 10 спорт түрі бойынша 40-тан астам лицензия алу көзделуде.

"Қысқы спорт түрлері бойынша ұлттық құраманың алдына Ванкувердегі Олимпиада ойындарындағы спорт көрсеткіштерін жақсарту, яғни екеуден кем емес әр түрлі құндылықтағы медальдар иемденіп, жалпы командалық есепте 20-23 орындарға шығу міндеті қойылып отыр",-деді Т.Есентаев.

Агенттік басшысы сондай-ақ, Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін Халықаралық Олимпиада Комитетіне 2022 жылы Алматыда XXIV қысқы Олимпиада ойындарын өткізу туралы өтінім тапсырылғаны туралы хабарлады.

Отырысты қорытындылай келе, Үкімет басшысы олимпиадалық ойындардағы спорттық нәтижелердің мемлекеттің беделі мен салиқалы имидждік көрсеткіші ретіндегі маңыздылығына тоқталып, қазақстандық спортшылардың алдағы Сочидағы сайыстарға сапалы дайындығын қамтамасыз ету қажеттігін атап көрсетті.

Осыған орай, Спорт және денешынықтыру істері жөніндегі Агенттікке Олимпиада жарыстарымен қатар, Паралимпиада ойындарына еліміздің құрама командаларын сапалы дайындау жүктелді.

С.Ахметов сондай-ақ баспасөз орталығын ұйымдастыру және ұлттық құраманы қолдап-жігерлендіру үшін бірегей ұйымдасқан топ ретінде жанкүйерлердің қатысуын қамтамасыз етуді тапсырды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны