01.09.2016, 18:14 3845

Қазақстандық стратегиялық зерттеулер институтыныӊ делегациясы Бейжіӊде жетекші "ақыл-ой орталықтарыныӊ" сарапшыларымен келіссөз өткізді

Бірнеше күн ішінде қазақстандық талдаушылар Цинхуа Университетініӊ халықаралық қатынастар институты, ҚХР Мемлекеттік кеӊесі жанындағы Даму зерттеу орталығыныӊ Еуропа мен Азия әлеуметтік даму институты, Бейжіӊ университетініӊ Халықаралық және стратегиялық зерттеу институты, Ресей, Еуропа және Орталық Азия институттары, Қытай қоғамдық ғылымдар академиясыныӊ өкілдерімен жаһандық және өӊірлік саясат мәселелерін талқылады.

Астана. 1 қыркүйек. Kazakhstan Today - Ерлан Қаринніӊ басшылығымен Қазақстандық стратегиялық зерттеулер институтыныӊ делегациясы Бейжіӊде жетекші "ақыл-ой орталықтарыныӊ" сарапшыларымен келіссөз өткізді, деп хабарлайды ресми БАҚ.

Бірнеше күн ішінде қазақстандық талдаушылар Цинхуа Университетініӊ халықаралық қатынастар институты, ҚХР Мемлекеттік кеӊесі жанындағы Даму зерттеу орталығыныӊ Еуропа мен Азия әлеуметтік даму институты, Бейжіӊ университетініӊ Халықаралық және стратегиялық зерттеу институты, Ресей, Еуропа және Орталық Азия институттары, Қытай қоғамдық ғылымдар академиясыныӊ өкілдерімен жаһандық және өӊірлік саясат мәселелерін талқылады.

Бүгін Қытай заманауи халықаралық қатынастар сарапшыларымен кездесу жоспарланды.

"Қазақстан мен Қытайдыӊ талдау орталықтары арасындағы өзара іс-қимыл жеткілікті белсенді жүзеге асырылуда. Алайда Бейжіӊге осы жолғы сапар барысында біз қытайлық әріптестермен әріптестігімізді жаӊа деӊгейге шығару мақсатын қойдық. Сонымен, әдетте, Қазақстанға Орталық Азияда зерделеу мәселелерінде әсіресе маманданған қытай сарапшылары келеді, ал Ресей, АҚШ, басқа да өӊірлер мамандары, олардыӊ идеялары, ғылыми тұжырымдары мен еӊбектері қазақстандық сараптау қоғамдастығына белгісіз күйде қалуда".

Сондықтан осы сапар барысында біз, бірінші кезекте, кеӊ кешенде мәселелерді зерделеумен айналысатын, елдіӊ үкіметі мен башылығына консультация беретін жаӊа әріптестермен, беделді сарапшылармен байланыс орнатуға тырыстық. Біз олардыӊ халықаралық саясаттыӊ өзекті мәселелеріне көзқарастарын білуге тырыстық, осы үшін нақты мәселелерді арнайы талқыладық. Біз бірқатар мамандарды Қазақстанға келіп, қазақстандық сараптау қауымдастығыныӊ өкілдерімен ой алмасуға шақырдық", - деді қазақстандық журналистерге сұхбат беру барысында Е. Қарин.

Кездесу барысында қытайлық сарапшылар ҚР Президенті Н. Назарбаевтыӊ бітімгерлік бастамаларыныӊ мәні, жаһандық және өӊірлік қауіпсіздікті қамтамасыз етуде Қазақстанныӊ рөлін, екі ел ынтымақтастығыныӊ стратегиялық сипатын, сондай-ақ "Нұрлы жол" жаӊа экономикалық саясатыныӊ міндеттері мен "Бір белдеу, бір жол" бастамаларыныӊ ортақтығын атап өтті.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны