14.08.2015, 10:15 3540

Қазақстандық танкистер - "Танк биатлоны-2015" байқауыныӊ финалына шықты

Қазақстан Құрлық әскерлерініӊ танк экипаждары "Танк биатлоны" байқауыныӊ ақтық ойынныӊ төртігіне кірді. "Алабино" полигонындағы жартылай финалдық жарыс екі сайыстан тұрды. Бірінші "Эстафета" жарысын Қазақстанныӊ танкистері қызыл танкте, ал Үндістандықтар - жасыл, Сербиялықтар - көк танкте және Армениялықтар - сары танкпен бастады. Екінші жарысты Ресей, Қытай, Тәжікстан және Қырғызстанныӊ танкистері сайысқа түсті

Астана. 14 Тамыз. Kazakhstan Today - Қазақстан Құрлық әскерлерініӊ танк экипаждары "Танк биатлоны" байқауыныӊ ақтық ойынныӊ төртігіне кірді. "Алабино" полигонындағы жартылай финалдық жарыс екі сайыстан тұрды. Бірінші "Эстафета" жарысын Қазақстанныӊ танкистері қызыл танкте, ал Үндістандықтар - жасыл, Сербиялықтар - көк танкте және Армениялықтар - сары танкпен бастады. Екінші жарысты Ресей, Қытай, Тәжікстан және Қырғызстанныӊ танкистері сайысқа түсті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Жарыс нәтижелері бойынша Ресейдіӊ, Қытайдыӊ, Қазақстанныӊ және Сербияныӊ танкистері финалға шықты", - деп жарыстыӊ бас қазысы генерал-майор Евгений Поплавский хабарлады. "Ресейлік экипаждар эстафетада 73 минут 30 секунд нәтиже көрсетіп бірінші орынды жеӊіп алса, екінші орынды 77 минут 32 секунд нәтижемен қытайдыӊ танкистері иеленді, үшінші болып 78 минут 18 секунд нәтижеде жарыс көрсеткен Қазақстанныӊ танк экипаждары және төртінші орынды межелі жерге 83 минут 23 секундта жеткен сербтік әскери қызметшілер еншіледі", - деп атап өтті төрешілер. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Естеріӊізге сала кетсек, эстафетаныӊ ережесіне сәйкес бір танк төрт шақырымды үш мәрте айналып өтеді. Жалпы әр топ сайыс бойынша тоғыз рет айналып өтуі немесе 36 шақырым жасауы тиіс болатын.

Осы аралықта екі шептік атысты жүргізу қосылған. Бірінші учаскеде оқшашардан танкке қарсы қолдан жасалған гранатамен нысананы көздеді. Онда үш нысанаға да дәл тигізу қажет. Ир мүлт кеткен сәтке жазалау ретінде 500 метр айналып өту жүктеледі.

"Танк биатлоны" байқауыныӊ финалы 15 тамыз күні өтетінін айта кеткен жөн. Жеребелердіӊ нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерініӊ танкистері төртінші жолда сары танктен бастайтын болады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны