10.12.2007, 14:12 3621

Қазақстандық телеарналардың эфирінде шетелдік өнімдер басым - Ертісбаев

Қазақстандық телеарналардың эфирінде шетелдік өнімдер басым - Ертісбаев

Астана. 10 желтоқсан."Қазақстан Бүгін" - Қазақстандық телеарналардың эфирінде шетелдік өнімдер басым. Бұл туралы бүгін парламентте өткен үкіметтік сағат барысында еліміздің мәдениет және ақпарат министрі Ермұхамет Ертісбаев мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Министрлік отандық ақпараттық кеңістікті қорғау мақсатында заңдардың сақталуын қадағалау үшін БАҚ-тарға мониторинг жүргізуді одан әрі жалғастырды. Тұтастай алғанда қазір отандық телеарналардың эфирінде шетелдерде өндірілген өнімдердің басым түсу ағымы, қолданыстағы БАҚ туралы заңмен реттелмейтін жасырын ретрансляция сақталып отар деуге болады", - деді Е. Ертісбаев.

Оның айтуынша, министрлік қалыптасқан ахуалды түзету , "соның ішінде заңнамалық деңгейде" түзету бағытында бірқатар шаралар қолданды. Нәтижесінде, министрдің айтуынша, "телеарналарда тілдік норманы сақтау мәселесі бойынша біршама ілгерілеушіліктер байқалды".

"Қазақ тіліндегі сапалы бағдарламалардың саны арту ағымы байқалады", -деді Е. Ертісбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны