19.01.2019, 20:55 5555

Қазақстандық теміржолшылар қолайсыз ауа райы жағдайында жолаушыларды тасымалдауды қамтамасыз етуге дайын

Темір жолы үстін қардан үздіксіз тазарту жұмыстары жүргізілуде. 2019 жылдыӊ басынан бері теміржол желілері 50 мыӊ текше метр қардан аршып алынды. Шамамен 7500 шақырым шойын жол тазартылды.

Астана. 19 қаӊтар. Kazakhstan Today - Теміржолшылар қаламаӊы маршруттарын қоса алғанда, әуерейстері мен автомобиль жолдары жабылған жағдайда барлық бағыттар бойынша жолаушыларды үздіксіз тасымалдауды қамтамасыз етуге дайын.

Барлық құрылымдық бөлімшелермен ауа райыныӊ қолайсыздығы жағдайында пойыздардыӊ үздіксіз және қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылданған.

Төтенше жағдайлар туындаған кезде теміржолшылар көліктік компаниялар мен "Жолаушылар тасымалы" АҚ құрылымдық бөлімшелері арасындағы өзара кешенді көмек көрсету жөніндегі меморандум нормаларын және Регламентті басшылыққа алады. Бұдан бөлек, шаттан тыс жағдайлар туындағанда ТЖ басқармаларымен бірлескен іс-әрекеттер қабылданады.

"ҚТЖ-Жүк тасымалы" АҚ локомотив пайдалану және вагон деполарында қызметкерлер дайындығы, жүк және жолаушылар тасымалы пойыздарына техникалық қызмет көрсету жүргізуге бақылау күшейтілген. Локомотив бригадаларымен қар қалын жауғанда, қолайсыз ауа райы жағдайында жұмыс жүргізуге қатысты нұсқаулықтар қайта қайта жүргізіліп отырды. Стандарттарға сай келмейтін жағдайларда локомотивтік бригадалардыӊ іс-әрекеттерін реттеу жөніндегі техникалық оқытулар өткізілді. "ҚТЖ - Жүк тасымалы" АҚ барлық филиалдарында техникалық оқытуды тиімді жүргізу және сапасын арттыру жөнінде айлықтар өткізілді.

Қазіргі таӊда "ҚТЖ" ҰК" АҚ барлық қызметтері штаттық режимде жұмыс істеуді жалғастыруда.

Темір жолы үстін қардан үздіксіз тазарту жұмыстары жүргізілуде. 2019 жылдыӊ басынан бері теміржол желілері 50 мыӊ текше метр қардан аршып алынды. Шамамен 7500 шақырым шойын жол тазартылды. Бұл іске 14 мыӊ теміржолшы жұмылдырылды. Қартазарту және қараршу техникаларыныӊ барлық түрімен магистральдық желілерге 160 шығу орын алды. Ауа райы бұзылған жағдайда қосымша күштер жұмылдырылатын болады.

Күрделі ауа райы жағдайында теміржолшылар теміржол инфрақұрылымы нысандарында қауіпсіздік ережелерін мүлтіксіз сақтау және барынша мұқият болуға шақырады, деп хабарлайды "Қазақстан темір жолы" АҚ баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны