29.01.2014, 19:23 11473

Қазақстандық жанкүйерлер Сочи Олимпиадасына 6 ақпан күні аттанады

Қазақстандық жанкүйерлердің делегаты Сочидегі Қысқы Олимпиада ойынына 2014 жылдың 6 ақпаны күні кетеді, деп ИЖТМ Индустрия және туризм комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

Алматы. 29 қаңтар. Kazakhstan today. Қазақстандық жанкүйерлердің делегаты Сочидегі Қысқы Олимпиада ойынына 2014 жылдың 6 ақпаны күні кетеді, деп ИЖТМ Индустрия және туризм комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

"Қазақстанның жанкүйерлер тобының құрамына 400 адам енді - спорт ардагерлері, еңбек сіңірген бапкерлер, жас спортшылар, журналистер, қазақстандық жанкүйерлер мен бапкерлер. Қазақстандық делегаттың бірінші тобы Алматыдан 6 ақпан күні кетеді, екіншісі 15 ақпанда аттанады. 2014 жылғы Қысқы олимпиада ойындары Сочиде 7 мен 23 ақпан аралығында өтеді", - делінген хабарламада.

Сочидегі Олимпиада ойындарында Алматыны XXIV қысқы олимпиада ойындарының және EXPO-2017 өтетін қала ретінде насихаттау жұмыстары жүргізіледі. Сочиде жанкүйерлерге ИЖТМ Индустрия комитеті дайындаған материалдар таратылады. Онда біздің елдің туристік жетістігі насихатталатын болады.

Алғаш рет қауіпсіздік мақсатында Сочидегі қысқы Олимпиада ойындарында жанкүйерлердің паспортын рәсімдеу тәжірибесі енгізіледі. Олсыз жанкүйерлер Сочи қаласына кіре алмайтын болады. Осыған орай, ҚР ИЖТМ Туризм индустриясы комитеті тағы Сочидегі қысқы Олимпиада ойындарына барғысы келетін қазақстандықтарға паспорттарын рәсімдеп, "Complete Service" қазақстандық туристік компаниясы арқылы жарысқа билет алуды ұсынады.

Компания Қазақстан аумағында "Sochi-2014" Ұлттық Ұйымдастыру комиеті мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиада комитетінде тіркелген Сочидегі XXII Қысқы Олимпиада ойындарына билет алатын ресми агенті ретінде таңдалды. Бұл компания 2008 жылы Пекиндегі Олимпиада ойындарында, 2010 жылы Ванкуверде, 2012 жылы Лондонда жалғыз агент болып, 2011 жылы Алматыдағы қысқы Азия ойындарында ҚР ҰОК ресми әріптесі болған.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны