14.08.2017, 16:19 5272

Қазақстандық жастар Халықаралық жастар күнін атап өтті

Қазақстанныӊ барлық өӊірінде Халықаралық жастар күніне арналған мәдени-бұқаралық және танымдық іс-шаралар өткізілуде. Мерекені атап өтуге республика бойынша 208 жастар ресурстық орталығы белсенді қатысып жатыр.

Астана. 14 тамыз. Kazakhstan Today - Қазақстанныӊ барлық өӊірінде Халықаралық жастар күніне арналған мәдени-бұқаралық және танымдық іс-шаралар өткізілуде. Мерекені атап өтуге республика бойынша 208 жастар ресурстық орталығы белсенді қатысып жатыр. Атап өтерлігі, Халықаралық жастар күнін мерекелеуді жастар ісі бойынша министрлердіӊ 1998 жылы 8-12 тамызда Лиссабон қаласында өткен Бүкіләлемдік конференциясыныӊ ұсынысы бойынша 1999 жылы 17 желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясы бекіткен. Бүгін Астанада жастар ұйымдары көшбасшыларыныӊ қатысуымен "ZHASTAR KUNI" атауымен іскерлік таӊғы ас ұйымдастырылады. Аталмыш шараға қатысушылар жастардыӊ қоғамдағы әлеуметтік маӊызды проблемаларды шешуге қатысуы мәселелерін талқылайды.

Сондай-ақ бүгін Ақмола облысыныӊ "Арнасай" демалыс кешенінде Қазақстан скауттары слетініӊ салтанатты ашылу рәсімі өтеді. Ал, кешқұрым елордалық жастар үшін "Астана-Бәйтерек" монументініӊ алаӊында сағат 20.00-де "Жастар әндері" атауымен шығармашылық кеш өтеді. Қазақстанда567 жастар ұйымдары бар.Бүгінгі таӊда ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі өнідіріс,білім орындарыныӊ және жастардыӊ өзін-өзі басқару органдарыныӊ, түрлі жастар ұйымдарыныӊ, жастардыӊ ресурстық орталығыныӊ қызметін дамытуға жаӊа тәсілдер қолдану және ведомствоаралық қарым-қатынасты жетілдіру бойынша қажетті шараларды қолға алуда.

Жастардыӊ игілігі жолында жұмыс істейтін ресурстық орталықтардыӊ желісі кеӊейтілді. Қазіргі күні еліміз бойынша 208 жастар орталығы бар.

Еске сала кетейік, статистикалық деректер бойынша Қазақстанда 14 пен 29 жас аралығындағы азаматтар4 млн-нан аса адамды құрайды. Сондай-ақ, елімізде ""Жасыл ел", "Дипломмен ауылға", "Мәӊгілік ел жастары- индустрияға" және "Жастардыӊ кадрлық резерві" мемлекеттік бағдарламалары жүзеге асуда.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны