10.04.2014, 19:31 3130

Қазақстандық жүргізушілердің тек 40% ғана балаларды тасымалдауда автоорындықты пайдаланады - ІІМ

Сауалнамаға 1,7 мыңнан астам адам қатысты. Жүргізушілердің басым бөлігі (40%) 12 жасқа дейінгі балаларды тасымалдау барысында балаларды ұстап отыратын құрылғыларды пайдаланымыз деп жауап берген, деп ҚР ІІМ Икімшілік полиция комитетінен хабарлады.

Алматы. 10 сәуір. Kazakhstan today. Сауалнамаға сәйкес қазақстандық жүргізушілердің тек 40% ғана 12 жасқа дейінгі балаларды тасымалдау барысында арнайы автоорындықты пайдаланады.

Сауалнамаға 1,7 мыңнан астам адам қатысты. Жүргізушілердің басым бөлігі (40%) 12 жасқа дейінгі балаларды тасымалдау барысында балаларды ұстап отыратын құрылғыларды пайдаланымыз деп жауап берген, деп ҚР ІІМ Икімшілік полиция комитетінен хабарлады.

Тағы 7% ЖЖЕ сәйкес бала көліктің алдыңғы орындығында отырғанда автоорындықты пайдаланамын деп жауап берген.

Сауалнамаға қатысқан қалғандарының пікірі былай бөлінді: жүргізушілердің 34% бабаларға қауіпсіздік белбеуін тағады, респонтенттердің 8% ештеме қолданбайтынын айтса, 11% пассивті қорғаныс құралдарын пайдаланудың еш қажеті жоқ деп есептейді, ал басқалары балалар көбіне үлкендердің алдында отырады деп жауап қайтарған.

Осы ретте Жолда жүру көуіпсіздігі бойынша еуропалық кеңестің мәліметі бойынша, Еуропада жаңадан тулыған сәбилер мен 7 жасқа дейінгі балаларды орташа есеппен алғанда жүргізушілердің 90% арнайы автоорындықта тасымалдайды. Ал, ең жауапты жүргізушілер Швеция мен Ұлыбританияда, олардың 95% арнайы құрылғыны пайдаланады.

"Мемлекетімізде 12 жасқа дейінгі балаларды автокөлікпен тасымалдау барысында автоорындықты пайдалану заңнамамен бекітілсе де, тек соңғы уақытта ғана әрқашан бұл құрылғыны пайдаланушылар саны артты", - деп Икімшілік полиция комитетінің баспасөз хатшысы Ирина Лукьянина хабарлады.

Айта кетерлік жайт, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша автоорындықтарды пайдалану сәбилер өлімін 71%, ал бұүлдіршіндер арасында 54% төмендетеді.

Ал, ауыр жарақаттар алу қаупі бала үлкендердің алдында отырғанда немесе солардың бірімен қауіпсіздік белбеуін бірге тағып отырса артады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны