05.10.2018, 17:20 7097

Қазақстандықтар 7-20-25 бағдарламасын 28 487 рет еске алған

Қазақстандықтар 7-20-25 туралы көбіне әлеуметтік желілерде жазған. Илеуметтік желілердіӊ үлесі 83,3% құраса, БАҚ үлесі 12,9%, мессенджерлер - 2,75%, блог пен форумдар шамамен 1%-ды құраған.

Алматы. 5 қазан. Kazakhstan Today - 2018 жылдыӊ мамыр мен тамыз айларыныӊ аралығында ақпараттық кеӊістікте 7-20-25 бағдарламасы 28 487 рет аталған. Бұл туралы, ranking.kz дайындаған медиа-сараптама негізінде Баспана Ипотекалық ұйымыныӊ Сыртқы коммуникациялар қызметі мәлімдеді.

Қазақстандықтар 7-20-25 туралы көбіне әлеуметтік желілерде жазған. Илеуметтік желілердіӊ үлесі 83,3% құраса, БАҚ үлесі 12,9%, мессенджерлер - 2,75%, блог пен форумдар шамамен 1%-ды құраған.

Соӊғы айдыӊ көрсеткіші бойынша 7-20-25 "Нұрлы жер" бағдарламасынан 8 рет көбірек аталған.

Сонымен қатар, ranking.kz сарапшылары қазақстандықтарды 7-20-25 бағдарламасы аясында көбірек толғандыратын тақырыптарды анықтады. Оған алғашқы жарнаны жинау, үй табу, төлем қабілеттілігін растау бойынша қиындықтар кіреді. Сонымен бірге, отандастарымыздыӊ біразы қолданыста болған ескі үйлерді бағдарламаға енгізу бойынша ұсыныстарын білдірген.

Бұл жағдайда, "Баспана" Ипотекалық ұйымыныӊ әкімдіктер мен "Нұр Отан" партиясымен бірлесіп қолға алған шаралары көпшіліктіӊ ойынан дөп шыққанын айта кету керек.

Мысалы, алғашқы жарнаны 10 пайызға арзандату мақсатында "Жасарман" мен "Қамқор баспана" өнімдері әзірленіп, олар Шымкент пен Ақтөбеде жұмыс істей бастады. Аймақтардағы құрылыс қарқынын жандандыруға 150 млрд тенге бөлініп, қолданыста болған үйлерге ипотекалық несие беру мақсатында жылдық ставкасы 10,75 пайызды құрайтын "Баспана Хит" өнімі әзірленді.

"Біз қазақстандықтардыӊ көӊіл-күйін жіті бақылап, қандай да бір өтініштер мен арыздар бойынша дер кезінде шара қолданып келеміз. Соныӊ нәтижесінде, азаматтар 7-20-25 бағдарламасыныӊ орындалу барысына оӊ баға беруде", - деді, "Баспана" Ипотекалық ұйымыныӊ басшысы Қайрат Алтынбеков.

Медиа-сараптама бойынша 7-20-25 бағдарламасына қатысты сыни ақпараттар үлесі 7 пайыздан аспаған. Ал ортақ есеппен бір айда бағдарлама туралы ақпаратпен 2,5 миллион азамат қамтылған.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны