06.05.2010, 12:30 3156

Қазақстандықтар Еуропа елдеріне визасыз кіру құқығына ие болуға тиіс - сенатор

Қазақстандықтар Еуропа елдеріне визасыз кіру құқығына ие болуға тиіс - сенатор

Астана. 6 мамыр. Kazakhstan Today - Қазақстандықтар тым болмаса ЕҚЫҰ-ына төрағалығы мерзімінде Еуропа елдеріне визасыз кіру құқығына ие болуға тиіс. Бүгін өткен сенаттың жалпы отырысында депутат Еділбай Иманқұлов осындай ұсыныс жасады, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Меніңше, дипломатиялық төлқұжаттардың иелері, мүмкін тіпті, Қазақстанның барша азаматтары тым құрыса ЕҚЫҰ-ына төрағалығы мерзімінде Еуропа елдеріне визасыз кіру құқығына ие болуға тиіс. Бұл - дұрыс болар еді", - деді Е. Иманқұлов.

Ол осы орайда : "біз ЕҚЫҰ -ына төраға елміз, бізге шенген визасын рәсімдеуге тура келуде, біздің дипломатиялық төлқұжаттарымыз неге екені беймәлім, жаза секілді қарастырылады",- деп атап өтті.

"Біз сенбі күні жолға шығуға тиіспіз, ал бізге тек кеше ғана визаны әрең берді. Тіпті бір айға жуық қарастырды, оған қандай негізі болғаны беймәлім", - деді депутат.

"Менің нақты білуімше, біздің Берлин немесе Лондондағы елшіліктеріміз шетелдіктердің алдында құрақ ұшып, табалдырық аттамай жатып мөрді басады. Мүмкін, біз де лайықты шара қолданып, біздің де мемлекет екенімізді, бізбен санасу керек екенін көрсетуіміз қажет шығар", - деді Е. Иманқұлов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны