11.06.2015, 13:25 3801

Қазақстандықтар Грузияда бір жыл бойы визасыз бола алады

94 елдіӊ, оныӊ ішінде Қазақстанныӊ азаматтары енді Грузияға визасыз барып, сол елде бір жылға дейін бола алады. Тиісті қаулы Грузия заӊнамалық жаршысыныӊ сайтында жарияланды

Астана. 11 Маусым. Kazakhstan Today - 94 елдіӊ, оныӊ ішінде Қазақстанныӊ азаматтары енді Грузияға визасыз барып, сол елде бір жылға дейін бола алады. Тиісті қаулы Грузия заӊнамалық жаршысыныӊ сайтында жарияланды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Тізімге, атап айтқанда, ТМД, Еуроодақ мемлекеттері, АҚШ және т.б. елдер кірді, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Құжатқа сәйкес Еуроодақ елдерініӊ азаматтары жолақы құжаттары, БҰҰ төлқұжаты, есімі, тегі, туған күні мен фотосы бар куәлікпен Грузияға бара алады.

Сондай-ақ Geomigrant.com порталында шетел азаматы бұл елге визасыз бару құқығына ие болып, онда айрықша жағдайда, үкіметтіӊ шешімі бойынша тұруына болатыны атап өтіледі.

Грузияда 2014 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданыстағы бұрынғы визалық ережелер өз күшін тоқтатты. Атап айтқанда, олар елде осы кезеӊде 90 күн болу құқығымен 180 күнге жарамды мерзіммен көпреттік виза беруді көздеді. Грузиямен визасыз режімге ие елдердіӊ азаматтары республикада жарты жыл аралығында 90 күн бола алатын еді.

Визсыз режім Грузияда осы елдіӊ маӊызды әріптесі болып табылатын, екіжақты, көпжақты келісімдер ресімделген елдер мен Еуропа елдері, НАТО мен ТМД-ға мүше елдер үшін қарастырылған.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны