24.02.2011, 13:35 3793

Қазақстандықтар Халықаралық әйелдер күні қарсаңында үш күн демалады

Қазақстандықтар Халықаралық әйелдер күні қарсаңында үш күн демалады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 24 - ақпан. Kazakhstan Today - Қазақстандықтар Халықаралық әйелдер күні қарсаңында үш күн демалады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қазақстандықтар 8 наурыз мейрамына (Халықаралық әйелдер күні) 3 күн - жексенбіден сейсенбіге дейін - 6,7 және 8 наурыз күндері демалатын болады.

"Еңбеккерлердің демалуына қолайлы жағдай жасау және 2011 жылдың наурызында жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі демалыс күнін 2011 жылдың 5 наурызы сенбіден 2011 жылдың 7 наурызы дүйсенбіге ауыстыру туралы Қаулы қабылдады", - деп хабарлайды Премьердің баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны