29.02.2012, 11:24 4277

Қазақстандықтар Халықаралық әйелдер күніне орай үш күн демалатын болады

Үкімет қаулысына сәйкес, демалыс күні 2012 жылғы 11 наурыз, жексенбіден 9 наурыз, жұма күнге ауыстырылып, 8, 9 және 10-наурыз күндері мереке күні болып белгіленді.

Астана. 29-ақпан. Kazakhstan Today - Қазақстандықтар Халықаралық әйелдер күніне орай үш күн демалатын болады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бүгін ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов демалыс күнін ауыстыруға қатысты Үкімет Қаулысына қол қойды.

"Демалыс күнін 11 наурыздан 9 наурызға ауыстырамыз", - деп жазды К.Мәсімов Twitter-ге.

Үкімет қаулысына сәйкес, демалыс күні 2012 жылғы 11 наурыз, жексенбіден 9 наурыз, жұма күнге ауыстырылады.

Қажетті өнімдерді, қаржы қызметтерін қоса алғанда, басқа да қызмет түрлерін көрсету үшін еңбек, материалды және қаржы ресурстарымен қамтылған ұйымдарға, сондай-ақ құрылыс нысандарын іске қосатын ұйымдарға кәсіподақ ұйымдарымен келісе отырып 2012 жылдың 9 наурызында жұмыс істеу құқығы беріледі.

Аталып отырған күнгі жұмыс Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төленеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны