18.02.2016, 14:02 3913

Қазақстандықтар профилактикалық тексеруден өткені туралы анықтаманы ХҚКО-да ала алады

Жыл сайын республика бойынша прфилактикалық медициналық тексерумен қамту 7,8 млн-нан астам адамды құрайды, оныӊ ішінде 4,5 млн. астамы әйелдер және 3,3 млн. ер адамдар.

Астана. 18 ақпан. Kazakhstan Today - Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігініӊ 2015 жылдыӊ қорытындысы бойынша және 2016 жылғы алда тұрған міндеттер туралы кеӊейтілген алқа отырысында Министрлік басшысы Тамара Дүйсенова мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Министр Қазақстан Республикасыныӊ денсаулық сақтау саласын дамытудыӊ 2016-2019 жылдарға арналған "Денсаулық" мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру шараларыныӊ аясында емханалардағы жасанды кезекті азайту мақсатында ересек тұрғындарды профилактикалық тексеру тәртіптері жеӊілдетілетінін хабарлады.

Азаматтар міндетті профилактикалық тексеруден өту кезінде (жұмысқа тұру немесе оқуға барар кезде және т.б.) мерзімі өтпеген жағдайда, денсаулығы жайында медициналық анықтаманы халыққа қызмет көрсету орталықтарында ала алады. Ал бағдарлы мамандарға қаралу қажеттілігі туындаған жағдайда олар ХҚКО-да емхана мен қызмет көрсету уақытын таӊдай алады.

Профилактикалық тексеру нәтижесі бойынша азаматтыӊ денсаулығы туралы мәліметтер пациенттерді сауықтыру мен денсаулық топтарын құру мақсатында бірегей ақпараттық жүйеге жіберіледі.

"Қабылданған шаралар нәтижесінде алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарындағы кезек азаяды, бағдарлы мамандардыӊ жүктемесі жеӊілдетіледі, пациенттердіӊ медициналық анықтама алу шығындары азаяды", - деді Тамара Дүйсенова.

Жыл сайын республика бойынша прфилактикалық медициналық тексерумен қамту 7,8 млн-нан астам адамды құрайды, оныӊ ішінде 4,5 млн. астамы әйелдер және 3,3 млн. ер адамдар.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігініӊ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны