22.07.2015, 10:02 3452

Қазақстандықтар Сеулге аптасына екі рет ұшу мүмкіндігіне ие болды

"Asiana Airlines" авиакомпаниясы "Сеул - Астана - Сеул" рейсін орындайтын болады

Астана. 22 Шілде. Kazakhstan Today - "Asiana Airlines" авиакомпаниясы "Сеул - Астана - Сеул" рейсін орындайтын болады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

2015 жылдыӊ 8 тамызынан бастап сенбі күндері "Asiana Airlines" авиакомпаниясы "Airbus А330" лайнерінде "Сеул-Астана-Сеул" рейсін орындауды бастайды. Рейс "Эйр Астана" мен "Asiana Airlines" компаниялары арасындағы қолданыстағы код-шеринг келісімі аясында орындалмақ. Осылайша қазақстандықтар Сеулге аптасына екі рет ұшу мүмкіндігіне ие болып отыр. Бұдан бөлек, әуе жолаушылары 100-ден аса бағыттан тұратын оӊтүстіккорейлік тасымалдаушщыныӊ маршруттық желісін де пайдалана алады, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

Естеріӊізге салып өтсек, биылғы жылдыӊ 2 маусымында "Эйр Астана" компаниясы Қазақстан мен Оӊтүстік Корея астаналарын әуе қатынасымен байланыстырған еді. Рейс аптасына бір рет сейсенбі күні орындалады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны