13.06.2018, 18:10 4384

Қазақстандықтар танымал опера және балет әртістерініӊ шығармашылығын тамашалай алады

"Жүректегі арманмен, шыӊдарға шығу жолында!" атты концертін өткізудіӊ басты мақсаты әр түрлі тыӊдармандарға академиялық музыкаға деген қызығушылығы мен сүйіспеншілігін арттыру болып табылады.

Алматы. 13 маусым. Kazakhstan Today - 2018 жылдыӊ 13 маусым күні Алматы тұрғындары мен қала қонақтарына арнап ҚР Тұӊғыш Президент Қорыныӊ Лауреаттары жыл сайынғы "Жүректегі арманмен, шыӊдарға шығу жолында!" атты концертін өткізеді. Классика музыкасыныӊ жұлдыздары дәстүрлі түрде Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрында жиналады.

Астананыӊ 20-жылдығын мерекелеуге орай Еуразиядағы еӊ үлкен театрлардыӊ бірінде еӊ танымал музкалық туындылар орындалады. Олардыӊ ішінде "Абай" операсынан Абайдыӊ ариясы, "Страна улыбок" операсынан Лиза және Су Чонгтіӊ дуэті, "Кармен" операсынан попурри, "Тайс" операсынан "Медитация" бар. Илемге әйгілі бұл туындыларды отандық мәдениет және өнер саласындағы жаӊа танымал өкілдері - ҚР Тұӊғыш Президент қорыныӊ Лауреаттары орындайды.

Музыка кешінде Қазақстан Республикасыныӊ еӊбек сіӊірген қайраткерлері, республикалық және халықаралық шығармашылық конкурстар мен фестивальдердіӊ жеӊімпаздары: Медет Шотабаев, Талғат Мұсабаев, Татьяна Вицинская, Гаухар Taсбергенова, Ермек Құрманаев, Бибігүл Жанұзақ, ҚР мемлекеттік триосы - "Forte trio" және басқа өнер майталмандары өз шеберлігін көрсетеді.

Опера және балеттіӊ хас шеберлері "Үлкен Опера" тақырыбына арналған концерттік бағдарламамен сахнаға шығады. Бүгінгі күні "Үлкен опера" - әлемдік заманауи музыкалық бағыттар сияқты танымал халықаралық тренд. "Жүректегі арманмен, шыӊдарға шығу жолында!" атты концертін өткізудіӊ басты мақсаты әр түрлі тыӊдармандарға академиялық музыкаға деген қызығушылығы мен сүйіспеншілігін арттыру болып табылады.

- Мәдениет - мемлекеттіӊ рухани негізі. Қоғам ұлттық өнерді сақтау үшін шығармашылық тұлғаны дамытуға жағдай жасау керек. Осы орайда Қазақстан Республикасы Тұӊғыш Президенті - Елбасы Қорыныӊ қызметі өте маӊызды. Он жыл бойы біз талантты жастарды қолдап келе жатырмыз. Қор Лауреаттарыныӊ концерті -классика музыкасыныӊ майталмандарын елімізге таныстыру болып табылады. Бұл кеште өз таланттарын көрсететін жұлдыздарымыз шығармашылық жолында ешқандай кедергі болмауы тиіс екенін дәлелдейтініне сенімдімін, - деп атап өтті ҚР Тұӊғыш Президент Қорыныӊ Алматы қаласындағы өкілдігініӊ директоры Сергей Тохтаров.

ҚР Тұӊғыш Президент Қорыныӊ жас, дарынды және шығармашыл жастарға қолдау көрсету дәстүрі 10 жыл бұрын туды. Көптеген әртістер үшін бұл қолдау кәсіби салада табысқа жетуге алғашқы қадамдардыӊ бірі болды. Қордыӊ Лауреаттарға арналған жыл сайынғы концерті олардыӊ шеберлігін халыққа көрсетудіӊ тамаша мүмкіндіктерініӊ бірі болуда.Қазір Қор Лауреаттарыныӊ есімдері тек Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар шетелде де белгілі. Олар халықаралық конкурстар мен фестивальдарда өз өнерлерін көрсете отырып, Қазақстанымыздыӊ дарынды өнер иелеріне бай екендігін дәлелдеуде. Концертке Қазақстан, Ресей мен Еуропаға кеӊінен танымал отандық опера жұлдызы Сүндет Байғожин де қатысады.

Биылғы жылы Лауреаттардыӊ концертініӊ тағы бір ерекшелігі -Астанамызға арналған фотокөрменіӊөтуі. "Астана - Ұлы дала жауһары" атты фотокөрмеелорданыӊ жетістіктерін көрсетіп, заманауи Қазақстанға жаӊа көзқараспен қарауға мүмкіндік береді. Концерт Нұржан Байбосыновтыӊ жетекшілігімен ҚРМемлекеттік академиялық симфониялық оркестрініӊ музыкалық сүйемелдеуімен өтеді. Сонымен қатар, концерт барысында тыӊдармандарға мультимедиялық технологиялардыӊ көмегімен есте қалар шоу қойылмақ дейді ұйымдастырушылар.

Концерттіӊ өткізілу мекен-жайы және күні: 13 маусым / сәрсенбі / сағ. 19.00, Алматы қ., Абай атындағы Қазақ опера және балет театры.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны