02.09.2011, 14:32 3458

Қазақстандықтар тиімді жұмыс үшін жылы орнын суытуға әзір

ҚР Премьер-министрінің сайтында жүргізілген әлеуметтік сауалнамаға сәйкес, Қазақстан тұрғындарының 95% жақсы жұмыс үшін тұрғылықты жерін ауыстыруға дайын.

Алматы. 2-қыркүйек. Kazakhstan Today - Қазақстандықтар тиімді жұмыс үшін жылы орнын суытуға әзір, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазТаг ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, ҚР Премьер-министрінің сайтында жүргізілген әлеуметтік сауалнамаға сәйкес, Қазақстан тұрғындарының 95% жақсы жұмыс үшін тұрғылықты жерін ауыстыруға дайын.

"Сауал қойылғандардың 51% қолдау көрсетілсе (тұрмыстық жағдайлар, қайта даярлықтан өту), тұрғылықты жерін ауыстыру ниетін білдірді. Респонденттердің 44% жалақысы елеулі көтерілсе, көшуге дайын", - делінген премьер-министрдің сайтында.

Сауалнаманың қорытындысы бойынша, сұралғандардың 5% ғана өзгерістер жасағысы келмейді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны