29.10.2008, 19:19 3333

Қазақстандықтар жыл сайын шетелдерде емделуге 200 млн доллардан аса қаржы жұмсайды

Қазақстандықтар жыл сайын шетелдерде емделуге 200 млн доллардан аса қаржы жұмсайды

Астана. 29 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстандықтар жыл сайын шетелдерде емделуге 200 млн доллардан аса қаржы жұмсайды. Бұл туралы бүгін фармацевтикалық нарықтың қазіргі заманғы даму ағымдары мен Қазақстан халқын дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге қатысты интеграциялық көзқарасқа арналған халықаралық тәжірибелік конференцияда Ұлттық медициналық холдингі басқармаларының бастығы Алмаз Шарман мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Жыл сайын 200 - 250 млн долларға жуық қаржы Германия, Австрия, Израиль сияқты елдерге кетіп жатыр, өйткені, Қазақстан тұрғындары осы елдерден медициналық көмек іздейді", -деді А. Шарман Ұлттық медициналық холдингті дамыту стратегиясының тұсауын кесу барысында.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны