12.04.2016, 13:41 3742

Қазақстандықтарда жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін айыппұлды онлайн режімде төлеу мүмкіндігі пайда болады

Жақын уақытта қазақстандықтар жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін айыппұлдарды барлық ХҚКО-тарында, сондай-ақ "электронды үкімет" порталы арқылы электронды түрде төлей алады, деп мәлімдеді ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Сәкен Сәрсенов

Астана. 12 сәуір. Kazakhstan Today - Жақын уақытта қазақстандықтар жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін айыппұлдарды барлық ХҚКО-тарында, сондай-ақ "электронды үкімет" порталы арқылы электронды түрде төлей алады, деп мәлімдеді ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Сәкен Сәрсенов, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Қазір Ішкі істер министрлігі өз іштерінде ақпараттық жүйені интеграциялау жұмысын жүргізіп жатыр. Біріншіден, фотоаппарат бойынша, нақтыланған бұзушылық, екіншіден - әкімшілік қызметтегі қызметшілер хаттама толтыратын кезде. Қазір бұл интеграция жүзеге асқан соӊ, ол жарты айды қамтиды, барлық ХҚКО-ларда, оныӊ ішінде электронды үкімет порталы арқылы айыппұлды онлайн режімде төлеуге болады", - деді ол ОКҚ брифингінде, деп хабарлайды primeminister.kz тілшісі.

Вице-министр атап өткендей, қазіргі уақытта "бұл қызмет тек қана арнайы ХҚКО-ларда ғана мүмкін болып отыр".

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны