06.03.2018, 15:11 3964

Қазақстандықтардыӊ Австралияға саяхат жасауға туристік мүмкіндіктерін арттыратын келісім жасалды

Сондай ақ, Cathay Pacific компаниясы "Эйр Астананыӊ" Бангкок пен Алматы және Сеул мен Алматы арасындағы рейстеріне, ал "Эйр Астана" Гонконгтан орындалатын Cathay Pacific компаниясыныӊ Сидней, Мельбурн, Перт және Сингапурға рейстеріне билеттерді сата бастайды

Алматы. 6 наурыз. Kazakhstan Today - "Эйр Астана" Cathay Pacific әуекомпаниясымен кодшерингтік келісім жасады.

Құжат жолаушыларға көбірек таӊдау жасауға және екі әуекомпанияныӊ Гонконг пен Алматы арқылы ыӊғайлы түйісулерді пайдалануға қол жеткізеді.

"Cathay Pacific" және "Эйр Астана" бүгін өзара кодшерингтік келісімге қол қойды. Бұл Cathay Pacific клиенттері үшін Қазақстаннан және "Эйр Астана" әуекомпаниясыныӊ клиенттері үшін Гонконгтан Азия және Австралияға саяхат жасауға туристік мүмкіндіктерді арттырады.

15 наурыздан бастап Cathay Pacific компаниясы "Эйр Астана" әуе компаниясыныӊ Гонконгтан Алматыға тікелей рейстеріне CX кодын қосады.

Қазіргі уақытта қазақстандық тасымалдаушы Алматыдан Гонконгқа аптасына екі рет ұшып отырса, 25 наурызда үшінші жиілікті қосады.

Сондай ақ, Cathay Pacific компаниясы "Эйр Астананыӊ" Бангкок пен Алматы және Сеул мен Алматы арасындағы рейстеріне, ал "Эйр Астана" Гонконгтан орындалатын Cathay Pacific компаниясыныӊ Сидней, Мельбурн, Перт және Сингапурға рейстеріне билеттерді сата бастайды.

Cathay Pacific компаниясыныӊ коммерция және жүк тасымал жөніндегі директоры Рональд Лэм: "Біз "Эйр Астана" әуекомпаниясымен серіктестікті және Орталық Азияныӊ еӊ тартымды қалаларыныӊ бірімен жаӊа байланыстарды қуана қарсы аламыз. "Бір белдеу және бір жол" жобасы аясында маӊызды рөл атқаруға әбден лайық Қазақстан мемлекеті өзініӊ тамаша табиғат көріністерімен және іскер адамдар мен қарапайым саяхатшыларды тамсандыратын қызықты жерлерімен танымал".

"Эйр Астана" компаниясыныӊ маркетинг және сату жөніндегі вице-президенті Ричард Леджер: "Cathay Pacific компаниясы кеӊ бағыттық желісіне ие және жолаушыларымызға Гонконг арқылы Азия мен Австралияға жетуге мүмкіндік беретін мінсіз серіктес. Екі әуе компания жоғары сапалы қызмет көрсеткені үшін халықаралық сыйлықтармен марапатталған. Осы келісім ынтымақтастықты, экономикалық байланыстарды нығайтады және жолаушыларымыздыӊ сапарларын ыӊғайлы етеді".

Жаӊа кодшерингтік келісім арқылы билеттер www.airastana.com және www.cathaypacific.com сайттарында қол жетімді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны