28.06.2007, 13:58 2885

Қазақстанға ақпараттық қоғамды дамытудың ұзақ мерзімді стратегиясы қажет - Ертісбаев

АСТАНА. 28-маусым. Kazakhstan Today. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі ақпараттық қоғамды дамытудың ұзақ мерзімді стратегиясының жобасын жасамақшы. Бұл туралы бүгін "Қоғам. Мемлекет. БАҚ: басымдықтар құқығынан құқықтың басымдығына" атты "дөңгелек үстел" барысында республиканың мәдениет және ақпарат министрі Ермұхамет Ертісбаев құлағдар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Министрлік ақпараттық қоғамды қалыптастыра дамытудың ұзақ мерзімді стратегиясының жобасын жасай бастау қажет деп пайымдайды. Ол елімізді ақпараттық тұрғыда дамыған елдердің қатарына қарқынмен қосылуға сатылы дайындауға тиіс", - деді Е. Ертісбаев.

Оның хабарлауынша, "министрлік электронды БАҚ-тарға қатысты топжарғыш жоба дайындап жатыр". "Үкіметте "30 корпоративтік көшбасшы" бағдарламасы талқыланып жатқаны белгілі осыған байланысты біздің министрлік электронды БАҚ-тарға қатысты озық жоба жасау туралы бастама көтеріп, оны іске асыра бастады", - деді министр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны