07.06.2011, 11:12 2676

Қазақстаның басым аумағында жаңбыр жауып, күшті жел соғады, кей жерлерінде бұршақ жаууы мүмкін деп күтілуде

ҚазАқпарат агенттігінің "Қазгидромет" болжауына сілтеме жасай отырып хабарлауынша, бүгін, Қазақстанның бөлігінің ауа райына циклон әсер етеді, сондықтан жекелеген жерлерде жаңбыр жауады, күн күркіреп, күшті жел соғады, кейбір аумақтарда бұршақ түсуі ықтимал. Ал республиканың оңтүстік-шығысы мен шығысы антициклонның ықпалында болып, күн жауын-шашынсыз өтеді деп күтілуде.

Астана. 7 - маусым. Kazakhstan Today - Қазақстаның басым аумағында жаңбыр жауып, күшті жел соғады, кей жерлерінде бұршақ жаууы мүмкін деп күтілуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің "Қазгидромет" болжауына сілтеме жасай отырып хабарлауынша, бүгін, Қазақстанның бөлігінің ауа райына циклон әсер етеді, сондықтан жекелеген жерлерде жаңбыр жауады, күн күркіреп, күшті жел соғады, кейбір аумақтарда бұршақ түсуі ықтимал. Ал республиканың оңтүстік-шығысы мен шығысы антициклонның ықпалында болып, күн жауын-шашынсыз өтеді деп күтілуде.

Атап айтқанда, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Жамбыл, Атырау, Қарағанды және Ақтөбе облыстарының кей өңірлерінде 15-20 м/с жылдамдықта жел соғады. Павлодар облысында бұршақ жаууы ықтимал.

Солтүстік Қазақстан облысының кей аумақтарын түнде тұман басады, секундына 15-20 метр күшпен жел соғып, бұршақ жауады.

Маңғыстау облысында түнде тұман болады.

Сондай-ақ синоптиктердің болжауынша, республиканың оңтүстігіндегі жоғары өрт қаупі бүгін де сақталады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны