17.04.2008, 19:27 3191

Қазақстанмен ынтымақтастық Қырғызстанның сыртқы саясатындағы маңызды басымдық болып келген және бола да береді - Қырғыз елшісі

Қазақстанмен ынтымақтастық Қырғызстанның сыртқы саясатындағы маңызды басымдық болып келген және бола да береді - Қырғыз елшісі

Бішкек. 17 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Қазақсанмен ынтымақтастық Қырғызстанның сыртқы саясатындағы маңызды басымдық болып келген және бола да береді. Бұл туралы тілшілерге берген сұхбатында Қырғызстанның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Жаныш Рүстенбеков мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Қырғызстан Республикасының СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

"Қатынастарымыздың динамикасы оң. Өткен жылы екі ел арасындағы тауар айналымы 517 млн АҚШ долларын құраған. 2006 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 42,7 пайызға көп. Бұл ретте экспорт $204,6 млн (өсім 26%), ал импорт - $312,4 млн (өсім 56,4%) құрады", - деп толықтырды Ж. Рүстенбеков.

Оның айтуынша, Қырғызстан жаңа саясатының арқасында осы екі жыл ішінде көрнекті нәтижелерге қол жеткізген.

"Былтырдан бері республиканың экономикасы көптеген жылдар бойы болмаған өсу қарқынын сақтап тұр.ЖІӨ көлемі соңғы үш жылда бір жарым есеге көбейсе, салық түсімдері - екі есе, капитал салымы - үш есеге артқан. Мемлекеттік бюджеттің табыстары да осындай пропорцияда артты. Ел экономикасына инвестиция да көбейіп келеді. Егер де бұрын республиканың экономикалық дамуы негізінен "Құмтөр" кенішінде алтын алуға байланысты болып келсе, қазір өсім экономиканың барлық салаларының есебінен жүріп жатыр", - деп атап көрсетті ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны