09.10.2012, 15:31 3548

Қазақстанның 10 өңірінде жылту маусымы басталды

Республика бойынша жол трассасы, сумен жабдықтау және су бұру желілері, электр желілері 99 пайызға дайын.

Астана. 9-қазан. Kazakhstan Today - Қазақстанның 10 өңірінде жылту маусымы басталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Республика бойынша жол трассасы, сумен жабдықтау және су бұру желілері, электр желілері 99 пайызға дайын.

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Құрылыс және тұрғын үй- коммуналдық шаруашылығы істері агенттігінің төрағасы Серік Нокин мәлім етті.

Оның сөзіне қарағанда, 8 қазандағы жағдай бойынша еліміздің 10 өңірінде жылу маусымы басталды. "Илеуметтік-мәдени тұрмыстық және тұрғын үй қоры нысандарының дайындығы да 99 пайызды құрап отыр",-деді агенттік басшысы.

Оның сөзіне қарағанда, жөндеу жұмыстары 33 білім беру нысандарында жүргізіліп жатыр. Алматы қаласында 31 нысанның құрылысын кестеге сәйкес қараша айында аяқтау жоспарлануда. Сондай-ақ, Атырау облысында 2 нысанның құрылысын қазан айында аяқтау белгіленген. Бұған қоса 11 денсаулық сақтау нысанында дайындық жұмыстары аяқталмаған. Оның ішінде 6 нысан ОҚО-да биылғы 20 қазанға дейін тапсырылады деп жоспарланып отыр.

Сонымен қатар Алматы қаласында да 4 нысанның құрылысы осы айда аяқталмақ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны