15.11.2012, 20:35 16980

Қазақстанның 12 моноқаласында Кәсіпкерлерді қолдау орталықтары ашылды

Еліміздің өңірлерінде "2012-2020 жылдарға арналған моно қалалаларды дамыту Бағдарламасына" сәйкес, кәсіпкерлерлерді қолдау орталықтары ашыла бастады.

Астана. 15-қараша. Kazakhstan Today - Қазақстанның 12 моноқаласында Кәсіпкерлерді қолдау орталықтары ашылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің "Даму" қорының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлауынша, еліміздің өңірлерінде "2012-2020 жылдарға арналған моно қалалаларды дамыту Бағдарламасына" сәйкес, кәсіпкерлерлерді қолдау орталықтары ашыла бастады.

Аймақтарда кәсіпкерлер үшін ұсынылатын кешенді қызметтерді үш деңгейлік жүйе бойынша енгізу қарастырылған. Үш деңгейлі жүйе Қордың аймақтық және Астана мен Алматы қалаларындағы филиалдары жанынан облыс орталықтарында Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтары, аудандық деңгейде тұрақты Кәсіпкерлерді қолдау орталықтары және жылжымалы Кәсіпкерлерді қолдау орталықтарын ашуды қарастырады. Облыстық деңгейде барлық облыс орталықтары мен республикалық маңызы бар қалаларда 16 Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтары ашылады. Дәл осындай орталықтар Алматы және Шымкент қалаларында ашылып, бүгінгі таңда жұмыс істеп жатыр.

Ал моно қалалар (Жезқазған, Саран, Балқаш, Қаражал, Қаратау, Жаңатас, Кентау, Зыряновск, Серебрянск, Құлсары, Жітіқара, Арқалық) деңгейінде мемлекеттік қолдау шаралары бойынша ақпараттық-консалтингтік қызмет, бизнесті жүргізу бойынша кеңестер және өзге де қызметтер ұсынатын тұрақты Кәсіпкерлерді қолдау орталықтары жұмыс істейді.

Аудандық жерлерде болса, осындай қызмет түрлері жылжымалы Кәсіпкерлерді қолдау орталықтарының базасында еліміздің бес облысында атқарылады. Олар: Жамбыл,Қарағанды, Қостанай, Оңтүстік Қазақстан және Павлодар облыстары. Бұл жылжымалы орталықтарда, яғни, арнайы жабдықталған автобустарда білікті мамандар өз кеңестерін жергілікті халыққа ұсынады. Бүгінгі таңда "Даму" қоры тарапынан дәл осындай автобустар сатып алынды. Олар кәсіпкерлікке ынтасы бар азаматтарды мемлекеттік бағдарламаларға молынан тарту, ақпараттық-консалтингтік қызметтер ұсыну мақсатында еліміздің аудандары мен ауылдарына жолға шығуға дайын.

Ұсынылып отырған кешенді қызметтер өз бизнесін ашудан бастап, оны қалай басқаруға болатындығына дейінгі толық үдерісті қамтиды. Осы арада кәсіпкерлер үшін заңдық көмек көрсетіліп, жұмыскерлер жинау, бухгалтерлік және салықтық мәселелер бойынша кеңестер беріледі.

"Даму" Кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ - кәсіпкерлікті қолдау шараларының негізгі операторы және интеграторы. Қор Бағдарламасы негізгі үш бағыт бойынша жүзеге асуда: кәсіпкерлер үшін қаржыландыру мөлшерін және қолжетімділігін арттыру; кәсіпкерлік секторын әртараптандыруға және оның индустриалдық-инновациялық дамуына жәрдемдесу; ШОБ субъектілерінің кәсібилігін жаңадан істі бастаған кәсіпкерлер мен ШОБ кәсіпорындарының топ-менеджменті негізінде оқыту, шетелдік стажировкалар, сервистік және ақпараттық қолдаулар.

Қор құрылымында Қазақстанның барлық 14 облыстары мен Астана және Алматы қалаларында 16 өңірлік филиалдары бар. Бүгінгі күні Қормен кәсіпкерлерді қаржылық және ақпараттық-консультациялық қолдаудың 25-тен астам бағдарламалары жүзеге асуда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны