23.09.2009, 18:28 5864

Қазақстанның 12 жоғары оқу орны биыл Университеттердің Ұлы Хартиясына қол қойды

Қазақстанның 12 жоғары оқу орны биыл Университеттердің Ұлы Хартиясына қол қойды

Астана. 23 қыркүйек. Kazakhstan Today - Қазақстанның 12 жоғары оқу орны биыл Университеттердің Ұлы Хартиясына қол қойды, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР БҒМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 2009 жылғы 17-18 қыркүйекте Университеттердің Ұлы Хартиясының 21 конференциясы Болон университетінде (Италия) өтті. Конференция қазіргі кезеңде университеттердің рөлін көтеру және әлеуметтік-экономикалық өзгеріс жағдайларында жоғары білімді дамытуға арналды.

Министрліктің хабарлауынша, 2009 жылғы 18 қыркүйекте Университеттердің Ұлы Хартиясына 15 елдің 36 жоғары оқу орындарының ректорлары, оның ішінде Қазақстанның 12 жоғары оқу орны салтанатты түрде қол қойды.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі соңғы 2-3 жылда жоғары оқу орындарын еуропалық білім беру кеңістігіне тарту бойынша белсенді жұмыс жүргізуде. Атап айтқанда, 2007 жылы Университеттердің Ұлы Хартиясына Қазақстанның 5 жоғары оқу орындары қол қойса, 2007 жылы - 8 жоғары оқу орны, 2008 жылы - 5 жоғары оқу орны және 2009 жылы 12 жоғары оқу орны қол қойды. Осы орайда, соңғы 3 жылда Қазақстанның 25 жоғары оқу орны осы Хартияға қол қойғанын айта кету керек. Хартияға бүгінгі күні барлығы 30 қазақстандық жоғары оқу орындары қосылды.

1988 жылы Болоньяда қабылданған Университеттердің Ұлы Хартиясына біртұтас білім кеңістігін құрудағы аса маңызды қадам болып табылады.

"Қазіргі уақытта әлемнің 662-ден аса университеттері қол қойған Ұлы Хартияға қазақстандық жоғары оқу орындарының қосылуы отандық білімнің еуропалық стандарттарға жақындауына мүмкіндік береді",- делінген хабарламада.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны