07.09.2009, 13:51 5618

"Қазақстанның 2020 жылға дейінгі экологиясы" мемлекеттік бағдарламасының жобасы үкіметтің қарауына ұсынылды - Қоршаған ортаны қорғау министрлігі

"Қазақстанның 2020 жылға дейінгі экологиясы" мемлекеттік бағдарламасының жобасы үкіметтің қарауына ұсынылды - Қоршаған ортаны қорғау министрлігі

Астана. 7 қыркүйек. Kazakhstan Today - "Қазақстанның 2020 жылға дейінгі экологиясы" мемлекеттік бағдарламасының жобасы үкіметтің қарауына ұсынылды. Бұл туралы еліміздің қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрғали Ишімов бүгін өткен үкіметтің отырысында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Біз "Қазақстанның 2020 жылға дейінгі экологиясы" мемлекеттік бағдарламасының жобасын жасап, үкіметтің қарауына ұсындық", - деді Нұрғали Ишімов.

Бұл құжаттың басты мақсаты өндіріс және тұтыну қалдықтарын қайта өңдеу проблемаларын шешуге арналған. Осы мақсатта "Жасыл даму" Ұлттық орталығын құру және экология саласындағы бағдарламаны қаржыландыру тәртібін өзгеру көзделген. "Бағдарламаға бірқатар инвестициялық жобалар қамтылған, олар бүгінгі талаптарға сәйкес саланың мастер-жоспары ретінде рәсімделеді",- деді ол.

Оның айтуынша, өткен аптада мекеме басшысы бағдарлама жайлы мемлекет басшысына баяндап, оның мақұлдауына ие болды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны