01.08.2018, 01:58 4066

Қазақстанныӊ 20 табиғи нысанын аралайтын "Ұлы Дала Еліне саяхат" атты бірегей экспедиция 2018 жылдыӊ 26 қыркүйегіне дейін жалғасады

"Ұлы Дала Еліне саяхат" экспедициясы 6 бағыт бойынша 6 туристік кластерді қамти отырып, маӊызды табиғи нысандарға барады және ол 2018 жылдыӊ 26 қыркүйегіне дейін жалғасады. 2018 жылы 18 шілдеде құрамында шетелдік және қазақстандық тревел блогерлер, телевизиялық тілшілер мен туркомпания өкілдері бар 25 қатысушыдан құралған топ Алматыдан жолға шықты.

Астана. 1 тамыз. Kazakhstan Today - "Ұлы Дала Еліне саяхат" экспедициясына қатысушылар "Тянь-Шань маржандары" бағытыныӊ мыӊнан астам шақырым тау жолын еӊсерді. 2018 жылы 18 шілдеде құрамында шетелдік және қазақстандық тревел блогерлер, телевизиялық тілшілер мен туркомпания өкілдері бар 25 қатысушыдан құралған топ Алматыдан жолға шықты.

Экспедиция қатысушылары "Тянь-Шань маржандары" бағыты бойынша жолға шыққан соӊ, Баянқол аӊғарына жол тартты. Алматыдан аӊғарға дейінгі қашықтық - 380 шақырым. Саяхатшылар Қазақстанныӊ еӊ биік нүктесі - Хан Тәӊірі шыӊын, сонымен қатар Мәрмәр дуал, Үстірт шыӊы тәрізді алты мыӊдық және Шекарашы, Қарлытау, Қазақстан, Баянкөл, Семенов тәрізді бес мыӊдық биіктіктерді сүйсіне тамашалады.

Келесі аялдама ащы-тұзды Тұзкөл тау көлі болды, мұндағы бір литр судыӊ құрамындағы тұз мөлшері 300 гр. Көлдіӊ емдік қасиетін Өлі теӊізбен салыстыруға болады.

Қара жолмен 30 минут жүрген соӊ, экспедиция қатысушыларыныӊ алдынан Шәлкөде даласы шықты. Экспедиция тобы мұнда келгенде, "Жетісу жүйрігі" фестивальі өтіп жатқан болатын. Қатысушыларымыз ұлттық спорттыӊ аударыспақ, қыз қуу, қазақ күресі тәрізді ойындары мен еӊ басты сайыс - 4 санат бойынша өткен бәйгеніӊ куәсі болды.

Шәлкөде даласы жақын елді мекендердіӊ жайлауы. Маусым мен қыркүйек аралығында мұнда 100-ге жуық киіз үй тігіледі. Малшылар туристерді осы жерде әрдайым қуана қарсы алатынын жеткізді.

Экспедиция қатысушылары Шалкөдеден келесі пункт - Дардамты турбазасына дейін атпен барды. Шонжы ауылыныӊ оӊтүстік-шығысына қарай шамамен 48 шақырым жерде, теӊіз деӊгейінен 1180 метр биіктікте орналасқан турбазада олар құсбегі Қуаныш Исабековпен танысты. Ол құс баптаудыӊ құпияларын қонақтарға айтып берді. Бүркітпен саят құру қазақ дәстүрініӊ бір бөлшегі. Қуанышқа әртүрлі елдерден, соныӊ ішінде Франция, Ұлыбритания, Германия және араб елдерінен туристер жиі келеді.

Ары қарай, саяхатшылар Жіӊішке мен Шілікті өзендерін, Ассы үстіртін, Шарын шатқалы мен Түрген аӊғарын, Аюлы және Қайрақ сарқырамасын, Батан шатқалын аралап, 29 шілдеде Алматыға келді.

Жобаны ұйымдастырған "Kazakh Tourism" Ұлттық компаниясы екенін естеріӊізге саламыз. Жоба Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты Туризм индустриясы комитетініӊ тапсырысы бойынша, Қазақстан Республикасыныӊ елордасы - Астана қаласыныӊ жиырма жылдығына орай жүзеге асырылды.

Осы іс-шараныӊ бірегейлігі - сапардыӊ нәтижесінде Іле Алатауы бөктерініӊ еӊ көрікті жерлеріне апаратын жаӊа бағыттардыӊ ашылуында екенін атап өтті экспедиция қатысушысы Максим Левитин.

"Экспедицияға қатысқан туристік компаниялар, біздіӊ ішкі туристерге де сондай-ақ, өзге елден келгендерге де қызықты ұсыныстар жасай алатынына сенімдіміз. Және осы бағыт әлі тұмса қалпында сақталған табиғи орындар мен мәдениетті аралатып, тіпті өркениет әсеріне ұшырамаған адамдардыӊ тұрмысын көрсететіндіктен, бұл ұсыныстар үлкен сұранысқа ие болады деп үміттенеміз", - дейді "Kazakh Tourism" ҰК" АҚ Басқарма Төрағасыныӊ орынбасары Қайрат Садуақасов.

Бұл ретте, Ұлттық компанияда туристік өнімдердіӊ сапасын жетілдіру қажеттігін де атап өтті: "Инфрақұрылымға қатысты мәселелер, бір жағынан алғанда жергілікті атқарушы органдардыӊ функциясы, ал нақты өнімді әзірлеу және дамыту туроператорлға байланысты. Өзімізге келер болсақ, біз мемлекеттік бағдарлама аясында туристік аймақтардыӊ дамуына және олардыӊ жалпы ілгерілеуіне жағдай жасаймыз", - деп толықтырды Kazakh Tourism" ҰК" АҚ Басқарма Төрағасыныӊ орынбасары Қайрат Сәдуақасов.

Экспедиция барысы БАҚ пен әлеуметтік желілерде кеӊінен таратылады. Экспедиция құрамында "Kazakh TV" телеарнасыныӊ түсіру тобы бар, олар туристік нысандарды аралау қорытындысы бойынша арнайы телевизиялық бағдарлама ашпақ. Кейбір бағыттарда экспедицияны "Хабар 24" арнасыныӊ "Большая страна" бағдарламасыныӊ түсіру тобы түсіретін болады.

Экспедицияныӊ ресми медиа-серіктесі "Хабар" агенттігі.

Анықтама:

"Ұлы Дала Еліне саяхат" - бұл Қазақстанныӊ 20 табиғи нысанын аралайтын бірегей экспедиция, ол әр аймағында тамаша табиғи, тарихи және киелі нысандары бар еліміздіӊ туристік әлеуетін ашуға көмектеседі.

"Ұлы Дала Еліне саяхат" экспедициясы 6 бағыт бойынша 6 туристік кластерді қамти отырып, маӊызды табиғи нысандарға барады және ол 2018 жылдыӊ 26 қыркүйегіне дейін жалғасады.

Экспедиция бағыттар келесі облыстар арқылы өтеді:

o Шығыс Қазақстан облысы - Алтай - өркениет бесігі;

o Алматы облысы - Жоӊғар Алатауы;

o Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Қостанай облыстары - Сарыарқа;

o Қызылорда, Ақтөбе, Маӊғыстау облыстары - Теӊізден теӊізге дейін;

o Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстары - Жаӊа Жібек жолы;

"Жаӊа Жібек жолы" бағытына National Geographic Ресей телеарнасыныӊ командасы қатысады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны