21.10.2009, 15:11 3261

Қазақстанның 30 мыңдай тұрғыны таяу уақыттарда баспанасыз қалуы мүмкін - Турецкий

"Кеше үкімет пен парламент ғимаратыынң жанында еліміздің бірнеше өңірінің өкілдері жиналды. Жиналғандар екінші деңгейлі банктер несиегерлердің белгілі бір проблемаларға душар болып отырғанына қарамастан, берешекті өндіріп алу, ипотекалық несиелік төлемдерді жасауды кешіктіргені үшін өсіппұлдар мен айыппұлдарды есептеу бойынша қатаң саясат жүргізіп отырғанына назар аударды", - деді Н. Турецкий.

Астана. 21 қазан. Kazakhstan Today - Қазақстанның 30 мыңдай тұрғыны таяу уақыттарда баспанасыз қалуы мүмкін. Бұл туралы мәжіліс депутаты Николай Турецкийдің Қазақстан үкімет басшысы Кәрім Мәсімовтың атына жолдаған депутаттық сауалында айтылған, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Кеше үкімет пен парламент ғимаратыынң жанында еліміздің бірнеше өңірінің өкілдері жиналды. Жиналғандар екінші деңгейлі банктер несиегерлердің белгілі бір проблемаларға душар болып отырғанына қарамастан, берешекті өндіріп алу, ипотекалық несиелік төлемдерді жасауды кешіктіргені үшін өсіппұлдар мен айыппұлдарды есептеу бойынша қатаң саясат жүргізіп отырғанына назар аударды", - деді Н. Турецкий.

Депутаттың айтуынша, "кейінгі уақытта банктер кепілге қойылған мүлікті сот және соттан тыс тәртіптермен тәркілеп алу жұмыстарын қарқындандырып жіберген". "Соның нәтижесінде, егер банктер бұл сауда-саттықты заңды жүргізіп отырса, онда Қазақстанның 30 мыңдай тұрғыны таяу уақыттарда баспанасыз қалуы мүмкін ", -деді депутат.

"Үкіметтен екінші деңгейлі банктер мен бұқара өкілдерін қатыстыра отырып мекемеаралық комиссия құрып, осы мәселені қарауды сұраймыз", - деді Н. Турецкий.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны