24.04.2018, 13:31 4405

Қазақстанныӊ 90 мыӊ мемлекеттік қызметшіс жыл соӊына дейін 90 мыӊ ағаш отырғызуды жоспарлауда

Сондай-ақ мемлекеттік қызметшілер арасында қайырымдылық марафонын өткізу жоспарланып отыр, оныӊ мақсаты балалар үйлерін материалдық-техникалық қамтамасыз ету үшін қаражат жинау болады.

Астана. 24 сәуір. Kazakhstan Today - "Жалпы Қазақстандық орман отырғызу" күні және мемлекеттік қызмет органдарыныӊ 20 жылдығын мерекелеуге орай Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігініӊ аппарат басшысы Саян Ахметжанов пен Астана қаласы әкімініӊ орынбасары Қосман Айтмұхаметов "90 мыӊ ағаш" республикалық акциясына бастау берді.

Бұл акция еліміздіӊ қалалары мен өӊірлерін көгалдандыруда 90 мыӊ мемлекеттік қызметшілерді біріктіруге бағытталған.

Агенттіктіӊ аппарат басшысы биылғы жылы Агенттік мемлекеттік қызмет органдарыныӊ 20 жылдығына орай ауқымды іс-шаралар өткізуді жоспарлап отырғанын атап өтті. Соныӊ бірі - "90 мыӊ ағаш" акциясы, ол еліміздіӊ қалалары мен өӊірлерін көгалдандыруға септігін тигізеді және азаматтар үшін жақсы үлгі болады.

Агенттік пен әкімдік қызметшілерініӊ ұйымдасқан және нәтижелі еӊбектерінен кейін Республика даӊғылы бойынша орналасқан "Шахматшылар" саябағында 57 ағаш (23 шырша, 14 қайыӊ, 18 бада) отырғызылды.

Жыл соӊына дейін республика бойынша мемлекеттік қызметшілермен жаппай 90 мыӊ ағаш отырғызу жоспарланып отыр.

Мерейтой қарсаӊында Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі республиканыӊ барлық мемлекеттік қызметшілері арасында "Үздік мемлекеттік қызметші" атағына іріктеу жүргізуде. Оныӊ қорытындысын 5 маусымда шығару жоспарланып отыр.

Сондай-ақ мемлекеттік қызметшілер арасында қайырымдылық марафонын өткізу жоспарланып отыр, оныӊ мақсаты балалар үйлерін материалдық-техникалық қамтамасыз ету үшін қаражат жинау болады.

Бұдан бөлек, "10 игі іс" жобасы іске қосылады. Жоба аясында тұрғындарға көмек көрсетіледі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны