24.12.2009, 16:31 2879

Қазақстанның Адам құқықтары жөніндегі уәкілі Таиланд Корольдігінің Омбудсменіне төрт қазақстандық ұшқышты тұтқындауға байланысты жәрдемдесу туралы өтінішпен хат жолдады

Қазақстанның Адам құқықтары жөніндегі уәкілі Таиланд Корольдігінің Омбудсменіне төрт қазақстандық ұшқышты тұтқындауға байланысты жәрдемдесу туралы өтінішпен хат жолдады

Астана. 24 желтоқсан. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілі Таиланд Корольдігінің Омбудсменіне төрт қазақстандық ұшқышты тұтқындауға байланысты оқиғаны осы елдің құзыретті органдарының жан-жақты әрі объективті қарауын қамтамасыз етуге жәрдемдесу туралы өтінішпен хат жолдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Қазақстандық Уәкіл осы істі қарау кезінде әуе тасымалы саласында негізгі халықаралық-құқықтық құжаттардың, алдымен 1929 жылғы

12 қазандағы Варшава конвенциясының және 1999 жылғы 28 мамырдағы Монреаль конвенциясының ережелері, сондай-ақ ізгілік, адамның құқықтары мен бостандықтарының басымдығы қағидаттары ескерілетініне сенім білдірді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны