10.07.2015, 18:12 4210

Қазақстанныӊ Аэроұтқыр әскерлері өздерініӊ 15 жылдығын атап өтуде

Қару-жарақ пен әскери техниканыӊ көрмесі, әскери оркестрлердіӊ дефилесі, қоян-қолтық ұрыс элементтері бар көрсетілімдер, парашюттен секіру, мерекелік концертпен бүгін Қазақстан Аэроұтқыр әскерлері әскери бөлімдерініӊ жеке құрамы өздерініӊ 15 жылдығын мерекелеуде

Астана. 10 Шілде. Kazakhstan Today - Қару-жарақ пен әскери техниканыӊ көрмесі, әскери оркестрлердіӊ дефилесі, қоян-қолтық ұрыс элементтері бар көрсетілімдер, парашюттен секіру, мерекелік концертпен бүгін Қазақстан Аэроұтқыр әскерлері әскери бөлімдерініӊ жеке құрамы өздерініӊ 15 жылдығын мерекелеуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

53975 әскери бөлімінде ұйымдастырылған мерекелік іс-шараға ҚР Қорғаныс министрлігі мен ҚР ҚК Құрлық әскерлерініӊ өкілдері, еліміздіӊ Қарулы Күштер арлагерлері келді.. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

"Қазіргі Аэроұтқыр әскерлерініӊ бесігі 35-гвардиялық десанттық-шабуылдау бригадасы болып табылады. Бүгінде өзініӊ жауынгерлік әзірлігін әрқашан сенімді түрде дәлелдейтін бұл әскер түрін мақтан ете аламыз. Барлық әскери қызметшілерге, сондай-ақ Аэроұтқыр әскерлерініӊ дамуына зор үлес қосқан ардагерлерге алғысымыды білдіргім келеді", - деді салтанатты рәсімде ҚР ҚК АэҰИ қолбасшысы генерал-майор Дәулет Оспанов.

Қазақстанныӊ Аэроұтқыр әскерлері армиямыздыӊ жауынгерлік қабілетті және ұтқыр әскер тектерініӊ бірі. Олар дағдарыстық ахуалдарда жауынгерлік қолдану үшін арналған және қысқа мерзімде ауқымы бойынша әртүрлі әскери шиеленістерде жауынгерлік тапсырмаларды шешуге қабілетті.

Олардыӊ құрылу тарихы "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерініӊ құрылымы туралы" 2000 жылғы 6 шілдеде Президенттіӊ Жарлығынан басталды. Онда 35-гвардиялық десанттық-шабуылдау бригадасыныӊ базасында ҚР ҚК Ұтқыр күштері құрылған болатын. Өздерініӊ қазіргі атауын Аэроұтқыр әскерлері 2013 жылдыӊ қыркүйегінде алды (Қорғаныс министрініӊ директивасы негізінде Ұтқыр күштері Аэроұтқыр күштері болып аты өзгертілді).

Бүгінгі күні Аэроұтқыр әскерлері Қазақстан Қарулы Күштері Құрлық әскерлерініӊ құрамына кіреді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны