08.07.2010, 14:12 3204

Қазақстанның Ақпарат және байланыс министрлігі телерадиотарату кәсіпорындарын қайта жасақтауды көздеуде

"Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Ақпарат және байланыс министрлігі телерадиотарату желісінің бүкіл құрылымын қайта жасақтау мәселесін қарастыру үстінде", - деп А. Жұмағалиев блогтың қонақтарының бірінің сауалына жауап берді.

Астана. 8-шілде. Kazakhstan Today Қазақстанның Ақпарат және байланыс министрлігі өзінің құрамына енетін телерадиотарату кәсіпорындарын қайта жасақтауды көздеп отыр. Бұл туралы министр Асқар Жұмағалиев өзінің блогында мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі ресми БАҚ-қа сілтеме жасай отырып.

"Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Ақпарат және байланыс министрлігі телерадиотарату желісінің бүкіл құрылымын қайта жасақтау мәселесін қарастыру үстінде", - деп А. Жұмағалиев блогтың қонақтарының бірінің сауалына жауап берді.

"Біз бұл мәселенің маңыздылығын түсінеміз. Сондықтан, аталмыш шараны іске асыру кезінде стратегиялық қателіктерге жол бермес үшін жұмыс тобы құрылды. Оның құрамына министрліктің, "Зерде" Ұлттық ақпараттық-коммуникациялық холдинг" АҚ, "Қазтелерадио" АҚ, "Кателко" АҚ және "Қазсатнет" АҚ басшылары мен мамандары кірді", - деп толықтырды ведомство басшысы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны