26.07.2013, 11:08 8174

Қазақстанның алты облысында аптап ыстық болады

Жұма, 26-шы шілде күні еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталды, кей жерлерде найзағай ойнап жауын жауады, ұйытқыған жел, таңғысын тұман түсіп, кей жерлерде бұршақ жауады деп күтілуде, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

Астана. 26-шілде. Kazakhstan Today - Қазақстанның алты облысында аптап ыстық болады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Жұма, 26-шы шілде күні еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталды, кей жерлерде найзағай ойнап жауын жауады, ұйытқыған жел, таңғысын тұман түсіп, кей жерлерде бұршақ жауады деп күтілуде, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

Ақмола, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Атырау облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін барады, Атырау облысында шаңды дауыл аралас соғады, күндіз Шығыс Қазақстанда бұршақ жауу ықтимал.

Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Ақтөбе, Қарағанды облыстарында, Оңтүстік Қазақстанның кей жерлерінде күндіз қатты ыстық болады деп күтілуде. Еліміздің солтүстік-батысы, батысы, оңтүстігі, орталығы мен оңтүстік-шығысында өте жоғары өрт қауіптілігі сақталады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны