02.08.2016, 17:39 4009

Қазақстанныӊ артиллерияшылары өз есептобыныӊ алғашқы тартысында көшбасшы атанды

Бүгін Армия халықаралық ойындарыныӊ ашылуымен бірге Қазақстанда "Артиллериялық оқ ату шеберлері" - "Жеке жарыс" байқауыныӊ бірінші кезеӊі басталды. Қазақстандық команда байрақты бәсекеге нық қадам басып, алғашқы есептоптыӊ біріншті тартысыныӊ көшбасшысы атанды

Астана. 2 тамыз. Kazakhstan Today - Бүгін Армия халықаралық ойындарыныӊ ашылуымен бірге Қазақстанда "Артиллериялық оқ ату шеберлері" - "Жеке жарыс" байқауыныӊ бірінші кезеӊі басталды. Қазақстандық команда байрақты бәсекеге нық қадам басып, алғашқы есептоптыӊ біріншті тартысыныӊ көшбасшысы атанды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Біздіӊ минаатқыш есептобыныӊ минаатқыш командирі сержант Ғани Дәулетовтіӊ басшылық етуімен байқауды бірінші болып бастады. Тартысқа сондай-ақ, Қырғызстан мен Ресейдіӊ командалары қатысты. Қатысушылар барынша жылдамдықта "Ирелеӊ" және "Мина-жарылғыш қоршаудағы сорап өткелі" кедергілерін еӊсерді. Төрешілер механик-жүргізушілердіӊ дайындығын, олардыӊ қозғалыста маневрлерді жасау шеберлігін тексерді. Бұл ретте кедергіні бұзып өту кезінде әрбір жапырылған шектегіш үшін қатысушыларға айып уақытыныӊ 10 секундынан қосылып отырды. Одан кейін командалар РПГ-7В және АК74-тен оқ атуларды орындады. Содан соӊ есептоптардыӊ командирлері көтерілетін нысана бойынша ПКТ оқшашарынан атысты орындай отырып, атысты бастау шебінде сүйретпелерді тоқтатып отырды. Межеге дейінгі қашықтық 300-400 метрді, оқ-дәрілер саны шағылдырғыш оқтары бар 12 патронды құрады. Дөп тигізілмеген нысанаға 300 метрлік бір айып шеӊбері, деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.

Бірінші тартыста командалар екі есептопқа бөлінгенін айта кеткен жөн. Бүгін сондай-ақ, Қытай мен Венесуэланыӊ командаларына жеке жарыстан өтуге тура келеді. Олар бірінші сайыстыӊ екінші есептобында өнер көрсетеді. Байқау төрешілерініӊ айтуынша, бұл тек алдын ала нәтижелер. Себебі, байқаудыӊ барлық қатысушыларыныӊ бірінші кезеӊініӊ қайталанбалы сайысы 4 тамызда өтеді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны