05.06.2015, 12:59 3922

Қазақстанныӊ Искери әуе күштеріндегі кіші инженерлер 60 күндік тәжірибе курсынан өтеді

Екі ай бойы Иуе қорғанысы күштері әскери бөлімдерініӊ 30-дан аса әскери қызметшісі іс жүзінде ұшақ қозғалтқыштарын, авиация қаруларын, ұшу аппараттарыныӊ радиоэлектрондық жабдықтары мен ұшуларды қамтамасыз ететін әуе құралдарын жөндеуді іске асырды.

Астана. 05 Маусым. Kazakhstan Today - 78639 әскери бөлімініӊ базасында ұшуларды қамтамасыз ететін әуе құралдарыныӊ көмегімен инженерлік-авиациялық мамандығы бойынша авиация кіші мамандары курстық даярлықтан өтеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Екі ай бойы Иуе қорғанысы күштері әскери бөлімдерініӊ 30-дан аса әскери қызметшісі іс жүзінде ұшақ қозғалтқыштарын, авиация қаруларын, ұшу аппараттарыныӊ радиоэлектрондық жабдықтары мен ұшуларды қамтамасыз ететін әуе құралдарын жөндеуді іске асырды. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Кіші авиация мамандары мен кіші инженерлер қазақстандық Искери-әуе күштеріндегі қару-жарақ құрамына кіретін авиация техникаларыныӊ барлық түрлерімен жұмыс жасады. Сондықтан мамандарды оқыту пәндердіӊ кеӊ ауқымын қамтыды.

"Мамандарды даярлау үдерісі жан-жақты және жауапкершілікке толы. Искери қызметшілерді оқыту сапасы әскери бөлімдердіӊ жауынгерлік даярлығына, әуеайлақтарды әскери мақсатта пайдаланудыӊ ұдайы дайындығына байланысты. Мамандарды теориялық тұрғыда даярлау жұмыс барысында анағұрлым ұзақ кезеӊ болып саналады. Осы орайда жеке жұмысты, оқушыныӊ жеке қасиеттерін пысықтау және оныӊ кәсіби шеберлігін арттыру ерекше маӊызға ие", - деп оқу орталығыныӊ оқытушысы майор Александр Брытков атап өтті.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны