10.07.2015, 10:09 3334

Қазақстанныӊ әскери жоғары оқу орындарына жаӊа ережелер бойынша қабылдайтын болады

Жаӊа қағидаларға сәйкес тестілеуде талапкерлер таӊдай алатын пәндердіӊ тізімі кеӊейді. Искери оқу орындарына түсу үшін (таӊдалатын әскери мамандыққа қарамастан) физика, жағрафия, химия, биология және дүниежүзі тарихы пәндері белгіленді.

Астана. 10 Шілде. Kazakhstan Today - Қазақстанныӊ жоғары әскери оқу орындарына қабылдаудыӊ ережелері өзгертілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Жаӊа қағидаларға сәйкес тестілеуде талапкерлер таӊдай алатын пәндердіӊ тізімі кеӊейді. Искери оқу орындарына түсу үшін (таӊдалатын әскери мамандыққа қарамастан) физика, жағрафия, химия, биология және дүниежүзі тарихы пәндері белгіленді. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Сонымен бірге, оқуға түсу үшін құжаттарды ресімдеу рәсімі қысқартылды, сондай-ақ оларды қабылдау мерзімі ұзартылды. Атап айтқанда, ҚР ҚМ жоғары әскери оқу орындары мен Кадет корпусына 20 шілдеге дейін, республикалық әскери мектептерге 15 тамызға дейін құжаттар қабылданады. Искери оқу орындарына алу 21 тамызға дейін жүргізіледі. Одан басқа, енді талапкерлердіӊ ТКТ сертификаттарын ұсынбай-ақ жергілікті әскери басқару органдарында (әскери комиссариаттарда) медициналық куәландырудан өтулеріне мүмкіндіктері бар.

Қазіргі уақытта Қазақстанда бакалавриат бағдарламасы бойынша әскери мамандарды даярлауды жүзеге асыратын үш әскери жоғары оқу орны іске қосылған. Ол Құрлық әскерлерініӊ әскери институты, Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты, Кеӊес Одағыныӊ екі мәрте батыры Т. Бигелдинов атындағы Иуе қорғанысы күштерініӊ әскери институты.

Өткен екі жыл ішінде мұнда еліміздіӊ түкпір-түкпірінен жиналған орта және орта арнаулы оқу орындарыныӊ 1 144 бітірушісі оқуға түсті. Қазіргі кезде Қазақстанныӊ үш әскери білім ошағы жаӊа курсанттарды қабылдауға дайын.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны