14.08.2015, 18:50 4531

Қазақстанныӊ Искери-теӊіс күштерініӊ тобы теӊіз биатлонына қатысқаны үшін жылдам жүзетін қайық тарту етілді

Бүгін Каспий қаласында "Каспий кубогы" мен "Каспий жарысы" халықаралық байқауы өз мәресіне жетті. Салтанатты жабылу рәсімінде байқауда жүлделі орындар алған мықты топтар марапатталды. Қазақстандық "Сарыарқа" зымыранды-артиллериялық кеме экипажы күміс медальдар жиынтығымен марапатталып, "БЛ-680" шапшаӊ жүзетін қайығын иеленді. Ал алтын медальмен награтталған ресейлік командаға қызметтік-көшпелі катер, Изербайжан ИТК тобына қола медаль және дайвингке арналған жабдықтарға тапсырылды

Астана. 14 Тамыз. Kazakhstan Today - Бүгін Каспий қаласында "Каспий кубогы" мен "Каспий жарысы" халықаралық байқауы өз мәресіне жетті. Салтанатты жабылу рәсімінде байқауда жүлделі орындар алған мықты топтар марапатталды. Қазақстандық "Сарыарқа" зымыранды-артиллериялық кеме экипажы күміс медальдар жиынтығымен марапатталып, "БЛ-680" шапшаӊ жүзетін қайығын иеленді. Ал алтын медальмен награтталған ресейлік командаға қызметтік-көшпелі катер, Изербайжан ИТК тобына қола медаль және дайвингке арналған жабдықтарға тапсырылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Сонымен қатар РФ Искери-теӊіз флоты бас қолбасшысыныӊ орынбасары вице-адмирал Виктор Федотенков Қазақстанныӊ, Ресей мен Изербайжанныӊ ИТК кемелерініӊ командирлерін аттары жазылған құттықтау тақталарымен және бағалы сыйлықтармен наградтады. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

"Жүлделі орындар берілгеніне қарамастан, барлық кеме экипаждары кәсіби біліктері мен жоғарғы шеберліктерін көрсетті. Ресей, Қазақстан және Изербайжан Искери-теӊіз күштерініӊ жауынгерлік даярлығы мығым Каспий маӊындағы мемлекеттер екенін дәлелдеді", - деп байқау басшысы вице-адмирал Виктор Кочемазов атап өтті.

Сонымен қатар, қазақстандық, ресейлік және қытайлық теӊіз әскерлерінен құралған топтардыӊ капитандары Өркеш Мұқат, Радик Якубов және Чэнь Вайчжао жоғары марапатқа лайықты деп танылды.

Естеріӊізге сала кетсек, "Каспий кубогы" байқауы Ресейге қарайтын теӊіз полигонында арнайы жабдықталған Каспий су айдынында өтті. Бұл жерде теӊіз ептілігі бойынша Қазақстандық әскери теӊізшілер "Сарыарқа" зымыранды-артиллериялық кемесімен, Ресей - "Град-Свияжск" артиллериялық кіші кемесімен және Изербайжан - "G-124" патрульдік-күзет кемесімен сайысқа түсті. Байқаудыӊ қорытындысы бойынша біздіӊ топ екінші орынды, ресейліктер - бірінші, ал Изербайжан ИТК экипаждары - үшінші орынды иеленді.

Теӊіз жаяу әскерлерініӊ әскери қызметшілері арасында өткен "Каспий сайысы" байқауы "Скорпион" полигонынан қайтуға жиналуда. Осы орайда жүлделі орындар, яғни, бірінші орын - Ресейге, екінші - Қытайға, ал үшінші орын - Қазақстанға бұйырды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны