27.09.2018, 17:44 3518

Қазақстанныӊ атақты әйелдері Ақтөбеде өткен Слетке қатысты

Екі күндік слетке Қазақстанныӊ түпкір-түпкірінен келген барлығы 1200-ден аса делегат жиналды. Шараныӊ басты қатысушылары - мәдениет, спорт, бизнес, білім мен ғылымныӊ дамуына үлес қосқан әйелдер, көп балалы аналар.

Ақтөбе. 27 қыркүйек. Kazakhstan Today -ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ Ақтөбеде өткен "Анаға тағзым" аналар слетініӊ қатысушыларына арналған құттықтау сөзін Ақтөбе облысыныӊ әкімі Бердібек Сапарбаев оқып берді.

- "Рухани жаӊғыру" бағдарламасыныӊ аясында алғаш рет өткізіліп жатқан Аналар слеті - еліміздегі отбасылық ахуалды жақсартуға бағытталған аса маӊызды шара. Ана - әрбір шаӊырақтыӊ, сондай-ақ тұтас Отанымыздыӊ тірегі. Ал қазақстандық аналардыӊ әлеуметтік жағдайы жақсы болып, ұрпағыныӊ болашағына алаӊдамай, бақытты ғұмыр кешуі - мен үшін еӊ басты мақсаттардыӊ бірі. Сол себепті "Қазақстан-2050" стратегиясында "ана мен баланы қорғау - мемлекеттіӊ әлеуметтік саясатыныӊ маӊызды бөлігі" деп жарияладым,- делінген Елбасыныӊ құттықтау сөзінде. Сонымен қатар, мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Слет қатысушыларыныӊ жұмысына жеміс тілеген.

Екі күндік слетке Қазақстанныӊ түпкір-түпкірінен келген барлығы 1200-ден аса делегат жиналды. Шараныӊ басты қатысушылары - мәдениет, спорт, бизнес, білім мен ғылымныӊ дамуына үлес қосқан әйелдер, көп балалы аналар.

Слеттіӊ салтанатты ашылуы кезінде облыс әкімі Бердібек Сапарбаев шараныӊ басты мақсаты қоғам мен биліктіӊ отбасы құндылықтары мен ұлт денсаулығын қорғауда, өскелеӊ ұрпақты тәрбиелеуде бірігуі, отбасын, ана мен баланы қолдау үшін ұсыныстар әзірлеу болып табылатынын атап өтті.

- Бүгінде қоғамныӊ, әсіресе жастардыӊ рухани және моральдық денініӊ саулығы бірінші кезекте. Мұнда жеке-жеке алғандағы әрбір отбасыныӊ "денсаулығыныӊ" маӊызы зор, -деп атап өтті облыс әкімі өзініӊ сөзінде.

Ол елдіӊ болашағы үшін өскелеӊ ұрпақты тәрбиелеудегі проблемаларға қоғамныӊ енжар қарауына құқығы жоқ екенін атап өтті.

- Кәмелет жасқа толмағандар арасындағы қылмыс, жас отбасылардыӊ ажырасуы, ерте жүктілік - осыныӊ бәрі тәрбие беру кезінде жіберілген олқылықтардыӊ нәтижесі. Бұл проблемалар біздіӊ әрқайсысымызды толғандырады. Бүгін біз күн тәртібіндегі сұрақты конструктивті талқылап қана қоймай, осы проблемаларды шешуде нақты ұсыныстарды әзірлейміз деп үміттенемін,-деді Бердібек Сапарбаев.

Шара кезінде сондай-ақ, КСРО халық әртісі Бибігүл Төлегенова, Социалистік еӊбек ері Вера Сидорова, балалар құқықтары жөніндегі уәкіл, сенат депутаты Сәуле Айтбаева, ҚР еӊбек сіӊізген қайраткері М.Айтқожина, ҚР Еӊбек сіӊірген қайраткері Алтыншаш Жағанова сөз сөйледі.

Айта кетейік, Ақтөбе облысында биыл рухани-адамгершілік құндылықтарды, неке және отбасы институтын қоғам мен мемлекеттіӊ тұрақтылығы мен амандығын сақтаудыӊ негізгі құралы ретінде нығайту.

Мәселен, 2018 жыл өӊірде "Бақытты бала" жылы болып жарияланған болатын. Соныӊ аясында балаларға тәрбие беру, сауықтыру және білім беру жобаларын жүзеге асыруға 4,7 млрд теӊге аударылды. Бұдан басқа, демеушілердіӊ қаражаттары белсенді тартылуда. Осы жылдыӊ шілде айында Ақтөбеде республикалық әкелер форумы өткен болатын. әкелер аллеясы ашылды. Бұдан өзге Слетті өткізу күндерінде Ақтөбеде республикадағы тұӊғыш "Анаға тағзым" рухани-адамгершілік тәрбие беру орталығы мен аналар аллеясы ашылды. Нысан мазмұны жағынан ғана бірегей емес, ғимараттыӊ дизайны да назар аударуға тұрарлық, кешен ананыӊ ақ жаулығы іспетті тұрғызылған.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны