04.08.2006, 12:40 20694

Қазақстанның " Балалар құқығын қорғау жөніндегі" бір топ үкіметтік емес ұйым өкілдері Бақай елді мекенінің балаларына жәрдем беруді сұрайды

Қазақстанның " Балалар құқығын қорғау жөніндегі" бір топ үкіметтік емес ұйым өкілдері Бақай елді мекенінің балаларына жәрдем беруді сұрайды

АЛМАТЫ. 4-тамыз. Kazakhstan Today. Қазақстанның "Балалар құқығын қорғау жөніндегі" үкіметтік емес ұйым өкілдерінен құрылған жұмысшы топ қоғамдастыққа "Бақай" ауылының зардап шеккен балаларына мүкіндігінше қолдау көрсетіп, көмектесуді өтініп үндеу тастады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Үкіметтік емес ұйым өкілдері таратқан хабарламада айтылғандай, "жұмысшы топтың қоғамдық қабылдау бөліміне 2006-жылы 7-шілдеде осы ауылдағы баспаналарды жаппай қирату кезінде шаңырағынан айрылып, бала- шағасымен далада қаңғып қалған "Бақай" аулының 63 азаматы өтініш жасай келіпті".

Қолда бар ақпаратқа қарағанда, олар балаларын ауыз сумен, шатырмен, дәрі-дәрімекпен, азық- түлікпен қамтамасыз етуді сұраған.
Өтініш хатта көрсетілгендей, қазіргі таңда 121 бала, олардың арасында 2 жасқа дейінгі 14 бүлдіршін және 107 кәмелетке толмаған бала көмекке зәру.

Жұмысшы топ өкілдерінің мәлімдеуінше, құқық қорғаушылар мен мемлекеттік орган қызметкерлерінің бассыздығын және қорлау әрекеттерін көзбен көрген балалардың жаны жарақаттанып, есеңгіреп қалған. Дәл осы сәтте оларға психологиялық көмек қажет, дейді олар.

Жұмысшы топ құрамына "Балалардың құқығын қорғау" қауымдастығы, Қазақстанның балалар қоры, адам құқығы және заңның орындалуын қадағалау жөніндегі Қазақстанның халықаралық бюросы, "Ақпараттық бағдарлама: баланы отбасында тәрбиелеу құқығы" әйелдер шығармашылығы Лигасы, "Миротворчество" қоғамдық ұйымы, Бегалин атындағы республикалық балалар кітапханасы, феминист әйелдер лигасы кіреді.

2006-жылғы 7-шілдеде құқық қорғаушылар Бақай ауылында жерді басып алу арқылы тұрғызылған үйлерді қиратқан болатын. Бас-аяғы 500-ге тарта баспана жермен-жексен болды, 30 үй сот шешеміне сәйкес қиратылса, қалғаны әкімнің бұйрығымен бұзылды.

Осыған дейін айтылғандай, үкіметтік емес ұйым өкілдері БҰҰ балалар құқығы жөніндегі Комитетіне арнап есеп әзірлеуде, онда кәмілеттік жасқа толмаған балалардың құқығы аяқ асты етіліп жатқаны туралы деректер көрсетіледі. Аталған құжат Біріккен Ұлттар Ұйымына 2007-жылдың қаңтар-ақпан айларында жіберіледі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны