18.06.2010, 16:54 2907

Қазақстанның балық шаруашылығында мемлекеттік монополия қажет Мәсімов

Қазақстанның балық шаруашылығында мемлекеттік монополия қажет Мәсімов

Атырау. 18-маусым. Kazakhstan Today Қазақстанның балық шаруашылығында мемлекеттік монополия қажет. Бұл туралы ҚР премьер-министрі Атыраудағы өзен портына барған кезде мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі.

"Балық шаруашылығында мемлекеттік монополия қажет",- деп мәлім етті К. Мәсімов.

Оның айтуынша, "ҚР үкіметі елбасының тапсырмасы бойынша Атырау облысының әкімшілігімен бірлесе отырып, балық шаруашылығын ретке келтіруде шешімді қадамдар жасамақ".

Үкімет басшысына портты аралау кезінде "Атырау Балық" АҚ базасында "Жайық Балық" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынының құрылғандығы туралы, оның келешекте балық аулау және оны өңдеу көлемін жылына 15 мың тоннаға жеткізуді жоспарлап отырғандығын мәлім етті.

Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Болат Дәукеновтың хабарлауынша, қазіргі "Атырау Балық" өндірістік қуаттылығы 90 пайызға нашарлаған, соңғы 10 жылда қаржы бөлінбеген. Консерв өндірісі жабылып, 500-ден астам адам қысқартылған. "Атырау Балық" мекемесінің балық өнімдерін өндіру көлемі 13 мың тоннадан 3,8 мың тоннаға дейін төмендеген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны